Әлеумет

Көгілдір бұғазды кәріз суы былғап жатыр

ШығысҚазақстан облысындағы «Көгілдір бұғаз» демалыс базасындағы суғақұбырдан кәріз суы ағып жатыр.

Jasalash.kz

Жергілікті жердегі жұрт шомылатын аумақтың суыластанып, ауру тарауда деп дабыл қағуда. Бұл туралы өңірдегі «ЖасАЛАШ»тілшісі хабарлайды.

Жергілікті тұрғындар көлге ағыпжатқан арам суды ұялы телефондарына дәлме-дәл уақытын көрсетіп, дәлел үшінтүсіретіндерін айтады. Жазып алған бейне жазбаларында кәріз су құбырының жарығыкөрініп, арам суы ағып жатыр. Әйтпегенде, құзырлы мекеме қызметкерлерініңешқайсысы сенбейтін көрінеді. Су аққан жерлерге шыбын қаптап, сасық иіс қолқанықабуда.

— Біз сол ағып тұрған жерінвидеоға түсіріп алып, суға щомылатын аумақтың суына сараптама жасаттық.Нәтижесінде су құрамы бұзылғаны анықталды. Ішек таяқшасы қалыпты жағдайдан 24есеге дейін көбейгені белгілі болды – дейді, заңгер Анет АХМЕТЖАНОВ.

Бұл мәселе соңғы бес жылдыңішінде тіпті ушығып кетіпті. Айтып-айтып ешбір нәтиже шығара алмаған ондағытұрғындар тағы да арыз жазу үшін жиналды. Балалары да жұқпалы аурумен жиі ауырабастапты.

— Қызым суға шомылатын аумақта бірнеше рет сүңгіп шыққанболатын. Содан-ақ болды. Қатты ауырды. Өскемендегі жұқпалы ауруларауруханасында емделіп жаны әрең қалды. Өзге де көптеген балалардың солай ауырыпжатқанын жақсы білемін – дейді, Көгілдір бұғаздың тұрғыны Ольга БОЙКО.

Жаңа Бұқтырма кентінің әкімі МаратКӘРІБАЕВ, Алтай ауданының әкімі Нұржан ТОҚСЕИТОВкеліп көрген, тіптіоблыс басшысы Даниал АХМЕТОВТІҢөзі бақылап отыр – деді. Ал жиналғанжұрт болса көріп, әрі бақылайтындардың бұндай қылығына бастарын шайқауда.Шайқамасқа лаждары да жоқ. Туризмді дамытуды мықтап қолға алған жергіліктібилік, таза судың қандай болатынын білмейтін секілді. Десе де, ауыл әкіміайтқанынан қайтар емес.

— Қандай да бір бұзушылық анықталмады. Суға шомылатынжәне басқа да адамдар баратын жерлеріндегі судың бәрін тексердік. Сараптамажасатқанбыз. Қорқатын ештеңе жоқ. Қазір тағы да қосымша тексеру жүріп жатыр – деді, Жаңа Бұқтырмакентінің әкімі Марат КӘРІБАЕВ.

Жалпыбұл Бұқтырма су қоймасының жағасындағы «Көгілдір бұғаз» демалысбазаларына әсіресе Өскеменнен демалушылар көп келеді. Жақын болғандықтан тіптісенбі, жексенбі күндері мұндағы 147 демалыс базасы мен 500-ге тарта саяжайданорын табылмай қалады екен.

Фотолар автордікі.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега