Сараптама

Көкелер байыған сайын қоғам кедейленіп барады ал бұған заң не дейді?

Мемлекеттікқызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік басшысы Алик Шпекбаевзаңсыз байығандардың жауап беретін кезеңі әлі алда екенін жиі айтып жүр.

Jasalash.kz

Тіпті былтыр «келер 2020 жыл –бай-бағландардың сәні мен салтанаты үшін есеп беретін жылы» деп күттік.  Бірақ тапқан табысы, жиған мүлкі  арагідік айтылып қалғанымен, біздегі  бай-манаптар байлығын  ашық жария етуге асығар емес. Осыған орай,халықтың арасында олардың заңды түрде байып жатқанына күмән мен күдік өте көп.Күмәнді сейілту үшін, әрине, бізге тігісі мықты заң керек.

 Бұл ретте еліміздіңсыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мәжіліске заңсыз байығандардыжазалайтын заң жобасын ұсынғанына біраз болды. Аталмыш агенттік басшысы АликШпекбаев бұған қатысты: «Ең алдымен біззаңсыз жолмен байығандар үшін жауапкершілік енгізуді ұсындық. Дүние-мүлкі заңдытабыстарына сай келмейтін мемлекеттік қызметкерлерге әзірге қаржылай жәнеқызметтік жаза қолданылады. Шығындар декларациясын енгізумен бірге, бұлжемқорлықтың тамырын жұлуға мүмкіндік береді», – деген болатын.

 Басшысыныңайтқанын қостап, сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әкімшілік-құқықтық департаментініңдиректоры Айгүл Базарбаева: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 15 жылдан берізаңсыз баю жағдайларына жауапкершілік енгізу туралы айтып келеді. Бірқатар елдерде бұл талапжемқорлыққа қарсы негізгі индикаторлардың бірі саналады. Ал біздің елде кінәсіздіктің анық-қанығына жетуге байланыстыконституциялық құқық бар. Осыны ескере отырып біз парламент мәжілісініңқарауында жатқан заң жобасы арқылы заңсыз байыған азаматтарға азаматтық-құқықтықжауапкершілікті енгізуді ұсынып отырмыз. Ол бойынша кірісі мен шығысыныңарасында айырмашылық бар шенеунік белгілі бір уақыттың ішінде мүлкінің заңдытүрде алынғанын дәлелдеуі керек», – дейді.

 Бағамдасақ, аталмыш заң тап қазір біздің қоғамғақажет. Дегенмен  күнікеше заңсыз байығандарды жауапкершілікке тартуға қатыстызаң нормаларын мәжіліс мақұлдамай тастады. Оған себеп – кінәсіздіктіңанық-қанығына жетуге байланысты конституциялық құқықтың болуы.

Осылайша аталмышагенттік мамандары мәжіліске 15 жыл бойы заңсыз байығандарды тезге салатынпәрмені мықты заң нормасын қабылдата алмай келе жатыр. Ал енді бұған не себеп?!Заң нормасының томпақ тұсы қайсы? Мүмкін, бұл біреулердің шымбайына батып,көңіл күйін бұзатын заң нормасы ма  екен?Осы сауалдарға жауап іздеп көрдік.

  Біздің сауалымызға жауап берген заң ғылымыныңкандидаты, заңгер Ғабиден Жайлиннің айтуынша, Қазақстан әлі мұндай заң нормасынқабылдауға даяр емес. «Шынын айту керек, мұндай заңды қабылдауға үкімет әлідайын емес. Себебі бұған құқықтық мәдениетіміз жетпейді. Бұл тек қана мемлекеттікқызметкерлерді жазалайтын заң болмауы керек. Жалпы, елдегі жемқорлық саласынатұсау салатын норма болуы қажет. Мысалы, бізде кәсіпкерлерді алайық, олардыңкөбі салық төлемеу үшін табысын жасырады, түсімін дұрыс көрсетпейді. Егер заңсызбайығандарды жазалауды бастап  жіберсек,бұл арада көлеңкелі бизнес мәселесі шығады. Байлардың басым бөлігі тапқанынбанкке емес, қолма-қол ақшамен жасыруы мүмкін. Өзінің атына емес, дүние-мүлкінөзгенің атына жазу көріністері одан әрі артуы ықтимал», – дейді Ғабиден Жайлин.

 Заңгердің пікірінше, бұл заңды кезең-кезеңімен енгізу қажет. «Алдыменқұқықтық жауапкершілік, одан кейін барып қылмыстық жауапкершілік енгізіп, заңдықатайту керек», – дейді заңгер.

 Жалпы, деректерге жүгінсек, қазір көптеген елдер«бай-манаптар қалай байыған, адал еңбек, маңдай терімен дәулетке қол жеткіздіме, болмаса тағы басқа жайттар әсер етті ме?» деген мәселеге айрықша назараудара бастаған. Ал біздегі заңсыз байығандар турасында сөз еткенде мамандардыңдені «Кеңес өкіметінің тұсында облыстық басылымдарда бір ауданның басшысыжайлы, оның шалқыған әл-ауқаты жайлы жазылатын болса, оны дереу тексерудің астынаалатын. Егер жазылған жайт шындыққа жанасатын болса, әлгі басшы дереу орнынаналынып, партиядан қуылатын. Кеңес өкіметінің бір жақсы жері – оларбай-манаптарға бақылау қоя білді» дейді.

  Бұлретте «Жас Алашқа» пікір білдірген әлеуметтанушы Бауыржан Егінбаевтың айтуынша,болашақта бізге заңсыз байығандарды жазалау туралы заң қабылдау үшін мәжіліс депутаттарынатабандылық керек. «Егер біз елдегі бай-манаптардың заңсыз баю әрекетін тоқтатамыздесек, онда бірінші кезекте орынсыз жерде қазақшылық танытуды, яғни көпмәселеде жауырды жаба тоқитын әдетімізді қоюымыз керек. Осы орынсыз қазақықалып таныту жемқорлыққа итермелеуде. Елдің жағдайын түзеу үшін, алдымен, заңшығарушы орган ретінде мәжілістегі депутаттарға табандылық керек. Олар сол үшінхалық қалаулысы болып отыр. Мәжіліске халық оларды өзінің күйісін күйттеу үшін жібергенжоқ. Депутаттар өзінің жағдайына томпақ келетін заңдарды көзге ілмей, өткізіпжіберуді доғаруы керек», – дейді Бауыржан Егінбаев.  

    Жалпы, біз тілдескен мамандар заңсызбайығандарды жауапкершілікке тарту  дегеніміз– революция жасау, баяғыдай «бай-құлақты жою» емес, барынша өркениетті жолменжүруге тырысу екенін алға тартты.  

    Ең абзалы, біздің қоғам үшін нақ қазір«құрғақ қасық ауыз жыртады» деген түсініктен арылу маңызды болып отыр. Себебімұның астарында халықтың, қоғамның, тұтас бір мемлекеттің дамуы жатқаны анық.  Біздің жоғарыдағы «көкелер» байыған сайын,қоғамның кедейленіп бара жатқанын ашып айтқан мамандар «Жас Алаш» арқылыөзіндік ұсыныстарын айтудан тартынбады.

Тақырыпқа тұздық

           Қоғамның орынсыз қаналуынажол бермеген жөн

   Осы мәселеге қатысты экономика ғылымының докторы, профессор Жаңабай Алдабергенов мынадайұсыныстарын алға тартты:

 – Біздегі мемлекеттік шенеуніктердің басымбөлігінің өз бизнесі бар. Олар кейде сол өз бизнесіне кесірі тиіп кететін заңжобаларын қабылдамай, орындамай да қояды. Бизнесі бар мемлекеттікқызметкерлердің көпшілігі әлеуметтік мәселелерді шешу үшін мінбеден сөйлепкөрініп кетеді де, мінбеден түскеннен кейін өз бизнесін дөңгелетуді ғана ойлайды.Демек, бұл жерде жалған күрескерлік, жалған жоспарды орындау, жалғанстатистикаға жүгіну тәрізді өтіріктер толып жатыр. Осы жайттарға ерекшесалмақпен қарайтын кез жетті. Қазір біз үшін халықтың тұрмысын теңестірумаңызды. Ол үшін бай-манаптарды, мемлекеттік қызметкерлерді бақылау керек. Осыарқылы монополистік үстемдіктерге ие субъектілер тарапынан қоғамның орынсызқаналуына жол бермеген жөн.   Бұдан соң, біз үшін маңыздысы – заңсызбайығандарды анықтап, оларға заңды қатайтып, қарапайым халықтың жағдайын жасаутетігін іске қосу керек. Ол үшін  «байданалып, кедейге бер» деген шведтердің тәсілін ұстану қажет. Шведтер байларданалады да, қолайсыз, өркендеуі төмен аймақта тұрып жатқан халыққа мемлекеттарапынан арнайы жәрдемақы тағайындайды.  Канада елінде, басқаны қойғанда, ОңтүстікАфрикада осы тәсіл бар. Құнарсыз, суы тапшы, нәрсіз жерлерде тұратын жандарға оларбайлардың үлесінен төлемақы төлеп тұрады. Бұл үрдіс жағдайы төмен деңгейдегіҮндістанның өзінде жүзеге асып отыр. Сондықтан осындай халыққа қажетті бағдарламалардықазіргідей қиын кезде қайта қолға алу керек.

    Шенеуніктержаңа заңға өзінің ескі әдеттерін дағдылайды

Ал заңгер Ержан Болатбек былай дейді:

– Қазақстан БҰҰ-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» конвенциясын 2008 жылыратификациялаған болатын. Конвенцияның 20-бабында қатысушы мемлекеттер өзініңқұқықтық жүйелерінің қағидаларын сақтай отырып, жария лауазымды адамның заңсызбаюы үшін қылмыстық жауапкершілікті қолдану мүмкіндігін қарастыра алу жайлыайтылған. Осындай жаза біздің құқық жүйемізге қарсы келмейді. Қазірдің өзіндеқылмыстық заңнамада осыған ұқсас нормалар да бар. Мысалы, Қылмыстық кодекстің  197-бабымен мұнай өнімдерін оның заңды жолменшығарылғандығын дәлелдейтін құжаттарсыз тасымалдау, иемдену үшін жауапкершіліккөзделген. Мұнай өнімдерінің ұрлығы көбейіп, алайда қылмыскерлерді ұрлықбарысында ұстау қиынға соққандықтан, осы норма бұл саладағы қылмыстарды алдын алуғасептігін тигізеді. Себебі қылмыскер мұнайды білдірмей ұрлап алса да, оны тасымалдағаныүшін жазасын алады.  Дәл осылай жемқорларғада жаза бар.   Лауазымды адам пара алып,жазасыз қалса да, ол қаражатты иемденгені үшін жауапкершілікке тартылады.  Бұл – заман талабына сай өте қажетті норма.

   Бүгінгі таңда сыбайласжемқорлыққа қатысты істерді дәлелдеу қиынға соғады. Оған қоса, мемлекетбарлығын өз назарында ұстай алмайды. Заңсыз баю институтын енгізудің тағы біржақсы жағы – жария лауазымды тұлғалардың қаражаттары мен мүлкі барлығына ашықболады. Бірақ заңсыз баюға қатысты заңнамаларға өзгерістер енгізілгенімен де,оның болашақтағы тиімді жұмыс істеуіне кепіл жоқ. Біздің елде бір проблематуындаса, оған қатысты жауапкершілікті үлкейтуді бірінші ойлайды. Қазір барзаңдарды жақсылап іске асыру мәселесі талқыға түспейді. Отто фон Бисмаркайтқандай: «Нашар заңдармен және жақсышенеуніктермен елді әбден басқаруға болады. Бірақ шенеуніктер нашар болса, еңүздік заңдар да көмектеспейді». Бүгінгі күнге дейін қаншама іс-шараларатқарылды, заңдар қабылданды, бірақ өзгеріс жоқ. Себебі  шенеуніктер жаңа заңға өзінің ескі әдеттеріндағдылайды. Қазірдің өзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заңдар жұмысістесе, елімізде жемқорлық деңгейі жоғары болмас еді. Мәселен, «Мемлекеттікқызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдар 2015 жылыжергілікті мамандар мен Еуроодақ мамандарының қатысуымен жасалған болатын. Бұлзаңды жасауда  Еуроодақ мамандарыныңжұмысына 4,6 млн евро төленді. Бұған қоса, біздің мамандардың шетелдік іссапаршығындары бар. Бұл жерде ең бастысы, кеткен шығын емес. Осыншама күш кетіпжасалған заңдардың нәтиже бермей жатқаны алаңдатуы тиіс. Қорыта айтатыным,заңсыз баю – ол халықаралық тәжірибеде өз орнын алып, БҰҰ тарапынан қолдаутапқан институт, яғни әлем мойындаған тәжірибе. Бұл заң  біздің елге өте қажет. Текол қабылданса, оны қаншалықты тиімді қолдана алатынымыз ойлантады.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега