Әлеумет

Қоқыстан елтаңба тауып, айыппұл арқалады: полиция мән-жайды түсіндірді

Жетісу облыстық полиция департаментінде қоқыс арасынан мемлекеттік елтаңбаны тауып, оны үйіне іліп қойған блогерге қатысты жағдайға түсініктеме берілді.

Фото: ашық дереккөз

Бұған дейін әлеуметтік желілерде ер адамды дәл мемлекеттік символды тапқаны үшін айыппұл салынды деген ақпарат тараған. Алайда полиция бұл мәліметтің дұрыс еместігін, қоғамды жаңылыстыратынын мәлімдеді.

«Ер адам мемлекеттік символды тапқаны үшін жауапкершілікке тартылған жоқ. Мұндай әрекет құқық бұзушылық болып саналмайды», — деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаменті.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: елтаңба