Қоғам

Көкшетауда қазақ әндерін балағаттаған әйел 8 тәулікке қамалды

Көкшетау соты қазақ әндерін қорлаған әйелді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 8 тәулікке әкімшілік қамауға алды.

Фото: ЖИ

Соттың мәліметінше, оқиға өткен жылдың желтоқсан айында сұлулық салонында болған. Әйел қазақ тіліндегі әндерді өшіріп, оларды балағаттап, мұндай музыканы «тек үйде тыңдау керек» деген пікір білдірген.

Оның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, куәгердің жауабымен, бейнежазбалармен және іс материалдарындағы басқа да дәлелдермен расталған. Сот барысында әйел өзіне тағылған айыппен келісіп, хаттамаға қарсылық білдірмеген.

Нәтижесінде сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 8 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

Сайт Әкімшілігі