Өңір

Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйден бір адамның мәйіті табылды

Көкшетау қаласында құрылыс аумағынан өрт шығып, бір адам қаза тапты

Фото: из открытых источников

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Көкшетауда салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйдің аумағында 30 шаршы метр аумақты алып жатқан күзет күркесінде өрт шықты. Салдарынан бір адам қаза тапты.

«Өрт уақытылы сөндірілді. ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт болған жерден өлі адам табылды», - делінген хабарламада.

Өрттің алдын ала себебі - электр жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтамау.

Сайт Әкімшілігі