Әлеумет

Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды

Көкшетауда жалғызбасты ананы көлікпен қағып, өліміне себеп болған жүргізуші ұсталды.

Фото: скриншот

“Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп мәлімдеді жексенбі күні Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тұрғындардың айтуынша, қаза тапқан әйел 12 жастағы баласын жалғыз тәрбиелеп келген.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде қаладағы шағын аудандардың бірінде болған өлімге әкелген жол апатының видеосы тараған еді. Кадрларда жол талғамайтын көлік бұрылу кезінде әйелді қағып кетіп, тоқтағаны көрінеді. Ал жәбірленуші көліктің астында қалған.

Аталған жол оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Сайт Әкімшілігі