Қоғам

Көктемде Қазақстанның 10 облысына су басу қаупі төніп тұр

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Фото: из открытых источников

Оның ішінде таудан аққан судан – Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Жетісуда; қардың мол еруіне байланысты – Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында қауіп бар.

«Қазгидрометтің» алдын ала болжамы бойынша, ақпан мен наурыз айының аяғында республиканың оңтүстік-шығыс, солтүстік және орталық бөлігінде тәуліктік және айлық нормада көп жауын-шашын болуы мүмкін.

«Соңғы үш жылдағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, жүргізілген профилактикалық шараларға қарамастан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы елді мекендерді жыл сайын су басып жатады. Осы фактілерді ескере отырып, халықты су тасқынынан қорғау мәселесін тез әрі тиімді шешу қажет»,- деді төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов үкімет отырысында.
Сайт Әкімшілігі
Тегтер: ТЖМ су тасқыны