Әлеумет

Көктөбеліктер құлшынып отыр

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың Үкімет отырысында «Жамбылоблысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасын қорғап, бұл жобаӘулиеата өңірінде пилоттық жоба ретінде іске асырылмақшы.

Jasalash.kz

Өңіріміздегіқанатқақты жоба сәтті жүзеге асып, өз жемісін берер болса, Үкімет оны өзгеөңірлерге де енгізбек ниетте. Бұл ретте қанатқақты жобаға әр ауданнан бірауылдық округтен кіретін болса, Шу ауданы бойынша Жаңақоғам ауылдық округінеқарасты Көктөбе ауылы еніп отыр.

Аталған ауылдың әкімі Найла Қондыбаева алғашында бұл жаңалықты естігенде ауылтұрғындары абдырап қалды дейді.

«Расын айту керек, тұрғындар алғашында бұл қайдан келген «батпан құйрық»деп ойлаған да қойған. Әуелгіде бұл жобаны сан-саққа жүгіртіп, күдікті уәжайтқандар да табылды. Сөйтіп, ауыл тұрғындарының басын қосып, аталмыш істіңмән-жайын түсіндірдік, жан-жақты сараладық. Кейіннен аудан әкімі ЖарылқасынАйтақов та ауылға арнайы келіп, ауылдықтардың жобаға қатысты сұрақтарына жауапберді. Одан кейін аталмыш жобаға аңсары ауғандардың қатары артып, әкімдікке келебастады. Біздің мамандар ауыл азаматтарымен жеке-жеке жұмыс істеп, түсіндіружұмыстарын да өз деңгейінде жүргізді. Бағдарламаның түпкі мақсатын түсінгендердіңқуанышында шек жоқ. Өйткені бір істің басын бастауға бастапқы қаржысын табаалмай жүрген тұрғындарға бұл тамаша көмек болғалы тұр»,- дейді ауыл әкімі.Жалпы, Жаңақоғам ауылдық округіне қарасты Көктөбе ауылында 493 аула болса,халық саны 2889 адамды құрайды. Бүгінгі таңда пилоттық жоба аясында 625 миллион495 мың теңге қаржыға сұраныс беріліп отыр. Негізінен тұрғындар бес бағыттантұратын жобаның барлық бағыты бойынша өз ұсыныстарын білдіруде. Мәселен,ұлғайған жерді тиімді пайдалануға 21 миллион 581 мың мың теңгеге, мал шаруашылығынтиімді пайдалануға 358 миллион 500 мың теңгеге, тұрғындардың ауыл сыртындағыжер үлесін тиімді пайдалануға 45 миллион 164 мың теңгеге және кооперативтердіжабдықтауға 138 миллион 750 мың теңгеге, тұрғындардың өз кәсібін ашуға немесекеңейтуге арналған шағын жобаларды қаржыландыруға 61 миллион 500 мың теңгегесұраныс берілді. Алғашқы бағыт бойынша ауылдағы климаттық жағдайға байланыстыдақылдар 45-60 күнде өнім беретіні және жылына екі мәрте өнім алу үшін наурызайында дақылдардың алдын ала көшетін дайындау қажеттілігі де ескерілді. Жобаныңекінші бағытына келер болсақ, ауылдағы 314 аулада ғана мал бар. Соған сәйкес,сатып алынатын мал саны 3950 басты құрап отыр. Оның ішінде 97 аула 458 бассауын сиыр, 13 аула 195 бас мүйізді ірі қара, 21 аула 1050 бас қой, 19 аула 190бас жылқы, 1 отбасы 1000 дана құс, 1 отбасы 1000 дана күркетауық, 6 аула 30 бассауынды бие алмақ екен.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега