Көлгіновтің туыстарының иелігінде не бар?
Қар күреу науқанының бел ортасында, астанатұрғындары көп мөлшерде жауған қардың кесірінен көлікпен жүру былай тұрсын, үйденшыға алмай әуреге түскен кезде қала әкімі Алтай Көлгінов Қасым-Жомарт Тоқаевпенбірге ауа райы ыстық Абу-Дабиға (БАӘ) кетті.
Олкейінірек бұл сапарын «Хабар 24» мемлекеттік арнасына берген сұхбатында былай түсіндірді: «Бұл мемлекеттің мүддесі үшін жасалған іссапар болды.Бізде 10 жылдан астам уақыт бойы құрылысы аяқталмаған «Абу-Даби плаза» бар. Бізшейхтармен кездесіп, нысан құрылысын биыл аяқтау мәселесін көтердік. Оларкелісті. Екіншіден, бізге инвестиция тарту керек. Қар ериді, ал инвестициятартумен кім айналысады? Сондықтан осы туралы ойлану керек. Әкім болса, бәрі жұмысістейді, ол кетіп қалса, бәрі тоқтап қалады деп ойлайды. Бәрі ретімен орындалуыкерек. Коммуналдық қызмет жақсы жұмыс істеді. Біркүндік сапар кезінде ештеңеболған жоқ. Кеше түнде келдім, қар мәселесін бақылауға алуға қайта кірістік».
Бір қызығы,Көлгінов 2018 жылдың қараша айындағы БАӘ-ға сапарын (ол кезде Көлгінов Батыс Қазақстаноблысының әкімі болған (толық ақпарат: www.uralskweek.kz/2018/11/26/chto-delal-akim-zko-v-abu-dabi-video/) халыққа «Қарашығанақ жобасы бойыншаинвесторлармен келіссөз жүргізуге бардым, олар инвестиция көлемін арттыруғакелісті» деп түсіндірген. Бірақ байқампаз журналистер облыс әкімінің аталғанжетістіктер туралы 2018 жылдың қаңтар айындағы есебінде айтқанын анықтаған.
Жасбасшының кәсіби жолымен жақсы таныс азаматтарға Көлгіновтің Қазақстанның өндіріссаласында мүддесі бар Клебановтардың қаржылық-өндірістік тобынан шыққаныжасырын емес. «Болашақ» түлегінің кәсіби қызметінің қарқынды өсіп, басқарудажіберген қателіктерінің «кешірілуін» осымен түсіндіруге болады.
Әуелі Көлгіновтің ашық дереккөздерден алынғанқысқаша өмірбаянымен танысып алайық.
1978жылы 15 қаңтарда туған.
Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрікуниверситетінің құқықтану факультетін бітірген.
Кейін Қазақстанпрезиденті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік жәнежергілікті басқару магистрі дәрежесін алған.
Президенттік«Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Абердинуниверситетін тәмамдап, халықаралық коммерциялық құқық магистрі дәрежесіне иеболған.
2001-08 жылдары– әділет министрлігі, мемлекеттік қызмет агенттігі және бас прокуратурада әртүрліқызметте болған.
2008-10 жылдары – «Алаш Медиа Групп» ЖШС бас директорыныңорынбасары.
2010-12 жылдары– ҚР президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-территориялықжұмыс бөлімінде мемлекеттік инспектор.
2012-13 жылдары– Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2013-16 жылдыңнаурызы – Орал қаласының әкімі.
2016 жылдың 26наурызынан бастап Батыс Қазақстан облысының әкімі болған.
2019 жылдың 13маусымынан бастап Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметін атқарады.Қазақстан Республикасының президенті жанындағы қоғамдық сананы модернизациялаубағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұлттық комиссияның мүшесі.
«Нұр Отан»партиясының Орал қалалық филиалының төрағасы болып, кейін «Нұр Отан» партиясыныңБатыс Қазақстан облыстық филиалын басқарған.
Бір қызығы, ресми түрде ол әлі де«Қазақстандық шахмат федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің БатысҚазақстан облысы бойынша филиалын басқарады. Ұйым облыс орталығында Х.Чуринкөшесі, 119 А үй мекенжайы бойынша орналасқан және әлі күнге мемлекетке бірде-біррет салық төлемеген.
Әйелі Жанар Келімбетованың «Смарт сервис»жеке кәсіпкерлігі деп аталатын шағын бизнесі бар. Әбубәкір Кердері көшесі, 169-үймекенжайы бойынша орналасқан кәсіпкерлік субъектісі телефон, планшет, ноутбукжөндеумен айналысады. Жеке кәсіпкерліктің қарызы жоқ.
Көлгіновтің әкесіСейдір Арапұлы 21 жыл ішкі істер органдарында қызмет еткен. Майор шеніндезейнетке шыққаннан кейін Абай ауылындағы №13 кәсіби-техникалық училищедедиректордың орынбасары болып істеген. Анасы Назипа – үй шаруасындағы әйел. Әкімніңата-анасы ҚР деректер базасында қандай да бір мекеме басшысы немесе заңды тұлғақұрылтайшысы есебінде тіркелмеген.
Қаржыминистрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, әкімнің анасының салықбойынша – 408,94, ағасы Асқарбек Арапұлының 401,09 теңге қарызы бар. Әкесімемлекетке 19 504,75 теңге қарыз боп қалған.
Алтай Көлгіновтіңалты әпкесі және ағасы бар. Әпкелері Роза мен Гүлмираденсаулық сақтау саласында жұмыс істейді. Ал Гүлмира Сейдірқызының атына «Унгарова»жеке кәсіпкерлігі тіркелген. Бүгібаева Гаухар, КөлгіноваАнар мен Көлгінова Ұлбосын – мұғалімдер. Ресми кәсіпкерлікпен айналыспайды. ҚалбибіСейдірқызы кітапханашы болған, қазір «Сарыағаш аудандық орталық кітапхана жүйесі»мемлекеттік мекемесін басқарады. Мекенжайы: Түркістан облысы Сарыағаш ауданыСарыағаш қаласы М.Шораұлы көшесі, 19А.
Мемлекеттікмекеменің бюджетке төлеген салығы (мың теңге):
<span style=«font-size:18px;font-family:» color:#222222;"="">Салық түрі |
<span style=«font-size:18px;font-family:» color:#222222;"="">2017 жылы
<span style=«font-size:18px;font-family:» color:#222222;"="">2018 жылы
<span style=«font-size:18px;font-family:» color:#222222;"="">2019 жылы
<span style=«font-size:18px;font-family:» color:#222222;"="">Салық түсімдері
<span style=«font-size:18px;font-family:» color:#222222;"="">9 333,2
<span style=«font-size:18px;font-family:» color:#222222;"="">15 412,1
<span style=«font-size:18px;font-family:» color:#222222;"="">15 370,3
<span style=«font-size:18px;font-family:» color:#222222;"="">13 841,8
<span style=«font-size:18px;font-family:» color:#222222;"="">9 673,7
Көлгіновтің ағасыАрап Абай заң мамандығы бойынша білім алған, кезіндеАстана қалалық прокуратурасыныңарнаулы прокурорлар басқармасын басқарған.
Қазір «ҚР әділетминистрлігінің Алматы облыстық әділет департаменті» республикалық мемлекеттікмекемесін басқарады. Мекенжайы: Талдықорған қаласы Қабанбай батыр көшесі, 38.
Мемлекет қаржыландыратынмекеме қазынаға төменде көрсетілген көлемде салық төлеген:
<span style=«font-size:18px;font-family:» color:#222222;"="">Салық түрі |
<span style=«font-size:18px;font-family:» color:#222222;"="">2017 жыл
<span style=«font-size:18px;font-family:» color:#222222;"="">2018 жыл
<span style=«font-size:18px;font-family:» color:#222222;"="">2019 жыл
<span style=«font-size:18px;font-family:» color:#222222;"="">Салықтық түсімдер
<span style=«font-size:18px;font-family:» color:#222222;"="">35 058,3
<span style=«font-size:18px;font-family:» color:#222222;"="">57 745,5
<span style=«font-size:18px;font-family:» color:#222222;"="">49 033,8
<span style=«font-size:18px;font-family:» color:#222222;"="">40 126,5
<span style=«font-size:18px;font-family:» color:#222222;"="">42 175,0
Барлықақпарат ашық дереккөздерден алынды.
Автор: ӘселЖаңабаева
Фото: zakon.kz