Көлікте отырып жолға түкіргендерге қандай жаза қолданылады?
Алматы полициясы жолда түкірген жүргізушілерге қандай жаза қолданылытанын айтты.
Бұл туралы tengrinews.kz жазды.
Бұған дейін Instagram әлеуметтік желісіндегі «Азаматтық патруль – KZ» парақшасында жүргізушінің көлік есігін ашып, асфальтқа түкірген видеосы пайда болған.
«Өз жеріне түкіретіндерге таң қаламын, олар әр жерде қоқыс тастайды, сосын оны біреудің анасы, әкелері тазалайды», — деп жазады желі қолданушылардың бірі.
Көлікте отырып түкірген жүргізушілер қандай бап бойынша жазаға тартылуы керек? Бұл сұраққа Алматы полиция департаменті жауап берген.
Полицейлер құқық бұзушылық жол үстінде жасалғандықтан, ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабы «Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу» бойынша жаза қолданылатынын айтады. Бұл бапта ескерту немесе үш АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Аталмыш айыппұл көлемі – 10 350 теңге. 2023 жылы 1 АЕК 3450 теңгеге тең.
"Құқық бұзушы көліктен қоқысты лақтырғанда немесе түкіргенде ӘҚБтК-нің 620-бабы бойынша жаза тағайындалады. Құқық бұзушы саябақта түкірсе оған 434-2-бап («Қоғамдық орындарды ластау») бойынша жаза қолданылады"», — деп түсіндірді Алматы қаласы ДП баспасөз қызметі.