Қоғам

Көлсайда 16 жастағы қызды жылан шағып алды

ТЖМ құтқарушылары жылан шаққан жасөспірімге жедел көмек көрсетті.

Фото: ТЖМ

Алматы облысындағы Көлсай көлдері аумағында кезекшілік атқарып жүрген жедел-құтқару жасағының қызметкерлеріне демалушылар жүгініп, 16 жастағы қызды жылан шаққаны туралы хабарлаған.

Құтқарушылар зардап шеккен жасөспірімге әмбебап құтқару бекетінде жедел алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Одан кейін қызметтік автокөлікпен медициналық мекемеге жеткізілді.

Сайт Әкімшілігі