Қоғам

Колумбиядағы жойқын жер сілкінісінен 132 адам қаза тапты

Зілзаладан тағы 570 адам жарақат алған. 1,5 мыңнан астам үй, 18 медициналық нысан және 52 мектеп зақымданса, 61 ғимарат толық қираған.

Фото: ашық дереккөзден

Жер сілкінісінен Кали, Перейра, Манисалес және Кибдо қалалары қатты зардап шекті. Құтқарушылар үйінділерді тазалап, жоғалған адамдарды іздеуді жалғастырып жатыр. Зілзаладан кейін 21 афтершок тіркелген. Билік төтенше жағдай жариялап, жеті әуежайдың жұмысын уақытша тоқтатты.

Жер сілкінісінің дүмпуі Эквадор, Панама және Венесуэлада да сезілген. Бұл Колумбияда XXI ғасырда тіркелген ең жойқын зілзала болды.

Желіде тараған кадрларда құтқарушылардың үйінді астынан тірі сәбиді алып шыққаны көрінеді.

Сайт Әкімшілігі