Оқиғалар

Контент үшін жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды

Жамбыл облысы полиция департаменті жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері жол ережелерін өрескел бұзудың бірнеше дерегін анықтады.

Фото: полиция

Жолаушылар өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігін қатерге тігіп, қозғалыстағы автокөліктердің терезесінен денелерін сыртқа шығарған. Оқиғалардың бірінде мобилограф қатар келе жатқан автокөлікті бейнекамераға түсіру үшін көліктің терезесінен беліне дейін шығып тұрған.

Полиция дер кезінде қауіпті әрекеттерді тоқтатты.

Көлік жүргізушілері жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

 

Сайт Әкімшілігі