Әлеумет

Контрабандашыларға 3,2 млрд теңге айыппұл салынды

Қазақстандамемлекеттік шекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты бақылау жүргізукезіндегі өзара іс-қимыл жоспары құрылды.

Jasalash.kz

Ол бақылаушы мемлекеттік органдармен бірлесіп бекітілді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасарыЖайдар ІҢКӘРБЕКОВ мәлімдеді.

Оныңайтуынша, «Қорғас» ШЫХО-да жүкті заңсыз тасушыларкөлеңкелі компаниялардың кең таралған схемаларында басты фигуранттар болды.Соңғылары жеке тұлғаларды кедендік тазартусыз шекарадан өту үшін өз мұқтажыүшін тартады. Қазіргі уақытта жеке тұлғалардың тауарларды әкелуінің рұқсатетілген нормасы 50 келіден 25 келіге дейін қысқарды.

Сондай-ақ,жергілікті мемлекеттік кірістер департаменттерінің базасында тауарлардытүпкілікті алушыны белгілеу, құжаттарда мәлімделген құнның дұрыстығын тексеружәне жанама салықтарды төлеу үшін жедел штабтар мен мобильдік топтар құрылды.

«Аталған топтар барлық әкелінетінтауарлар бойынша тексеру іс-шараларын жүргізеді. Жосықсыз компаниялардыхронометраждық тексеру басталды. Соңғылары құжаттардағы мәліметтерді дұрысмәлімдеумен, тауарлардың құнын төмендетумен қатар жанама салық төленетін нақтыайналымдарды көрсетпейді», — деп атап өтті Ж. Іңкәрбаев.

Биылғы жылдың басынан бастап мемлекеттік кірістер органдары ҚХР-дан халық тұтынатынтауарларды импорттайтын сыртқы экономикалық қызметтің 50 қатысушысына қатыстыхронометраждық зерттеу жүргізді. Нәтижесінде, іс жүзінде барлығы қолданыстағызаңнаманы бұза отырып, қаржы-шаруашылық қызметін жүргізетіні анықталды.

Бұзушылықтарғажол берген сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларына қатысты әкімшілікжауапкершілік шаралары қабылданып, 3,2 млрд. теңге көлемінде 80 — нен астам айыппұл салынды. 

Фото: holanews.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега