Көп балалы аналар: Мамин, шық!
БүгінЕлордада ондаған көп балалы ана Ақорданың алдына жиналды. Олар экс-президентНұрсұлтан НАЗАРБАЕВ пен уақытша президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ шығуын талапетті.
Көпбалалы аналар елбасы Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫ мен Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫНАН баспана мәселесін шешіп беруін сұрайды. Ақорда алдына сағат 10-00де жиналған олар аналар мәселесі төрт айдан бері шешілмей жатқанын айтады.Біраздан соң прокуратура өкілі парламентке баруды ұсынды. Наразы топ парламентемес үкімет үйінің алдына келді. Аналар премьер-министр Асқар МАМИННІҢ шығуынталап етті. Бірақ үкімет басшысының орнына вице-премьер Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВА,Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт СҰЛТАНОВ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрі Бердібек САПАРБАЕВ шықты. Олар аналардың сұрақтарына жауап беріп,тыныш жерде сөйлесуді ұсынды. Полиция бейбіт шеруге шыққандарға тиіспеді. Тексырттай бақылап тұрды.
Фото: azattyq.org