Әлеумет

Көп балалы аналарға Нұр-Сұлтанда орын жоқ

Көп балалы отбасылар Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға көшіріледі. Қазірдің өзінде «Нұрлы Ертіс» бағдарламасы бойынша 64 отбасы қоныстанып үлгерген екен.

Jasalash.kz
"«Нұрлы Ертіс» бағдарламасына сәйкес Екібастұзға 64 көпбалалы отбасы қоныс аударды. Жылдың соңына дейін тағы 58 отбасын көшіру жоспарланып отыр. Екібастұзға қоныс аударатын отбасылар үшін бір жыл мерзімге жалдамалы пәтерді жалдауға 75 мың теңге көлемінде ай сайын төлеуге немесе 900 мың теңге ипотекалық несие жағдайларын қарастырып отыр », — деді әкімнің орынбасары Ерлан ҚАНАЛИМОВ.«Ең басты талап — жоғары кәсіби-техникалық білімнің болуы. Яғни, отбасының кем дегенде бір мүшесі еңбекке жарамды болуы керек. Екібастұзға қоныс аударып үлгерген отбасылардың жұмысқа орналастыру, балаларды мектеп пен балабақшаға орналастырудан бастап, барлық жағдайын қарастырдық. Мен өзім онда екі рет болдым. Қоныс аударып барған жұрт риза»,- деп сөзін толықтырды.Айтуынша, мұндай бағдарлама енді Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында да қолға алынатын болады.«Жоспарда негізінен Түркістан облысы, Шымкент өңірлері де болған. Алайда, соңғы жағдайларға байланысты бұл мәселе әзірге сұрақ күйінде қалып отыр,» — деп мәлімдеді Қаналимов.Айта кетейік, 2019 жылы ақпанның 4-і күні Астананың Көктал-1 шағын ауданындағы Шыңғыстау көшесінде орналасқан жеке үйдің ауласындағы уақытша баспана өртеніп, бір отбасындағы бес бала опат болған.Осы оқиғадан кейін көп балалы аналар наразылығы күшейген еді.

Көп балалы аналар бірнеше рет шеруге шығып, үкіметтен өздеріне пәтер беруін, жөргекпұлды өсіруді, ана мен баланы тегін емдеуді сұраған. Осы даудан кейін, сәуірдің 1-жұлдызынан бастап көпбалалы аналарға әр балаға 21 мың теңге атаулы көмек көрсетілетіні туралы бұйрық шыққан еді. Алайда, оның да арты дауға ұласқан. 

Фото: azattyq.org

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега