«Көр қазғандар»
Біздің биліктің кей тірлігі өзі отырған бұтаны өзі кесіп жатқан Қожанасыр секілді.
Тіпті өз көрін өзі қазып жатқан жанкештіге деұқсайтынын қайтерсің. Түсініп болмайсың. Тоқаев «еститін мемлекет» дегенді тауып айтып еді. Ондағысы халықтың мұң-мұқтажын дер кезінде естіп, кері байланыс орнату болатын. Халық пен билік арасында «дәліз» болуыкерек дегенді де президент айтқан-ды. Бірақбилік осының бәрін кері істеп жатқан сынды.
6 маусым күні еліміздің біраз қаласында (кім ұйымдастырғаны міндет емес) митинг өтті. Наразы топ биліктен несиеге жаппай амнистия жасауды, саяси тұтқындардыбосатуды, жерді шетелдіктерге сатпауды әрі жалға бермеуді талап етті. Бір қарасаң, мұнда тұрған ештеңе жоқ. Әркімнің көкейінде жүрген сауал. Халық өз ойын алаңда тұрып айтқысы келді. Дәл сол күні «Қазақстанда бейбітжиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» жаңа заң күшіне енді.Бірақ онда айтылғандар әдірем қалғанға ұқсайды. Билік баяғы «өзім білем» деген ләуқилық әдетпен «Алдын ала өтініш берілген жоқ. Қазір пандемия ушығып тұрған кез. Індет тарап кетеді, жиналуға болмайды» деген ғақлия айтты. Уәждің түрі осы. Мұны тыңдағысы келмегендерді алдын ала даярлап қойған полиция ұстады, қамады. Алыс-жұлыс,айтыс-керіс болды.
Мұндай ахуал тек Алматы мен Нұр-Сұлтанда ғана болған жоқ, еліміздегі алты-жеті қалада осындай жағдай қайталанды. Бірақ айтқымыз келгені сол митингіде ұсталғандар, қамалғандар жөнінде емес. Айтайық дегеніміз, біліксіз биліктің оспандар тірлігі.Президент: «Халық пен билік арасында диалог орнауы керек. Үкімет «еститін мемлекетке» айналуы тиіс», – дегенеді. Бірақ атқарушы билік президенттің айтқандарына пысқырмайтынға ұқсайды. Алматыда әкім Бақытжан Сағынтаев, Нұр-Сұлтанда Алтай Көлгінов, өзге қалаларда да жергілікті әкімдер алаңға барып, халықтың алдына шығып, жұрттыңайтқандарын тыңдап, ортақ бір шешімге келуі тиіс еді. Амал нешік, әкімдернаразы топпен жүздесуді ар көрді ме, әлде «шуылдақтар» деп қабылдады ма, әйтеуір, орынбасарларын жіберіпті. Ал олар не шешсін? Не айтсын? Түк те. Сағынтаев пен өзге әкімдердіқайдам, алайда Нұр-Сұлтанның әкімі Көлгінов «Болашақпен» оқыған, Еуропаны көрген, демократия қағидаларын білетіназамат еді. Ел алдына шығып, өзге әкімдерге үлгі көрсетіп, халық пен билік арасындағы диалогтың не екенін көрсетуге тиіс-тұғын. Алайда олай болмады. Саңырау һәм соқырдың кейпін танытты. Бұдан шығатын қорытынды қандай? Демек,атқарушы билік президенттің айтқаны мен шығарған заңын құлағына да қыстырмайдыдеген сөз.
Президент биліктің халыққа жақындағанын қаласа, бұлар, керісінше, алыстай түскенді жөн көретіндей. Мұның арты неге әкеліп соқтырмақ? Әрине,жақсылыққа емес. «Халық қаласа, хан түйесін сояды» дейді көне мәтел. Халық қаһарланбасын делік. Кез келген дерттің алдын алуғаболады. Тек қамдансаң болды. Сондықтан әлеуметтік жарылыстарға да, текетірестерге де, төңкерістерге де жол бермеудің амалдарын қарастырған жөн. Ол – халықпентығыз байланыс орнату, қоғамға дұрыс «диагноз» қоя білу. Болды. Ал біздегі атқарушы билік, керісінше, халық пен билікарасындағы көпірді өртеп жіберуге бейіл. Өкініштісі, ресми билік бұдан біраз бұрын Қырғызстанда,Грузияда, Украинада халық пен билік арасындағы текетірестің арты не болғанын ұмытып кеткен сияқты. Қорытынды шығармағанға ұқсайды. Ол елдердегі оқиғалардан сабақ алса, бәлкім, басқаша тірлік жасар ма еді. Ниет жоқ.Содан болар, қазіргі тірліктері, былайша айтқанда, өз көрін өзі қазып жатқан жанкештіге ұқсайды.
Күлтегін БЕК,
«Жас Алаш»