Корнавирустан тағы бір адам қайтыс болды
БүгінНұр-Сұлтан қаласында коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды. Бұлтуралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықовамәлімдеді.
"Өкінішке қарай, бүгін бір өлім оқиғасы тіркелді. Бір ай бойы ауырып,медициналық көмекке жүгінбеген. Отбасы мүшелері мен қызметкерлер арасынанонымен байланыста болған 31 жақын адам ауруханаға жатқызылды", — дейді Сәуле Қисықова.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 175 адам, Алматы қаласында – 82 адам,Қарағанды облысында — 13 адам, Ақмола облысында — 10 адам, Атырау облысы — 13адам, Жамбыл облысында -3 адам,Шымкент қаласында — 2 адам, Шығыс Қазақстаноблысында — 2 адам,Алматы облысында — 8 адам, Ақтөбе облысында — 3адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 2 адам, Павлодар облысында — 1 адам, Маңғыстауоблысында — 1 адам, Қызылорда облысында — 8 адам, Батыс Қазақстан облысында — 2адам, жалпы 325 науқас тіркелді.