Коронавирус күшейгенде Семей шенеуніктері «жасырынбақ ойнап» жүр
Күннен күнге күрделіжағдай қалыптастырып отырған коронавирус індетінен сақтанудың барлық шараларықарастырылып жатқанымен, ауыздықтау оңай болмай тұр.
Жергілікті атқарушы биліктүрлі бағытқа шектеулер қойып, көшедегі қозғалыс барысын, адам қарасын азайтуғаұмтылып баққанымен, қайғылы жағдайлар орын алып жатқанын жасырудың жөні жоқ.Бір қынжылтарлығы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша коронавирусқа байланыстыақпараттарды дер кезінде алу қиын. Аталған індеттің көрсеткіштері туралыоблыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан өзі арнайышығып, әлеуметтік желілер арқылы мәлімет бермейінше, журналистердіңаруханалардан, медициналық мекемелерден ақпарат алуына жол жабық. Соныңсалдарынан қазіргі күнде облыс бойынша, қай жастағы, қанша тұрғын, қайауруханаларда карантинде жатқанын анықтау жұмбақ болып тұр.
Ресми мәліметтекөрсетілгеніндей, Шығыс Қазақстан облысы бойынша, анықталған 8 адамныңбесеуінің Семей қаласының тұрғындары екені де бейжай қарауға болмайтындығынәйгілей түскендей. Ең өкініштісі, коронавирус инфекциясынан бір адамның қайтысболғаны өңір тұрғындарын дүр сілкіндірді.
«Өкінішке қарай бұл жағдай Өскеменқаласында тіркелді. 1979 жылы туған әйел 12 сәуірде жедел жәрдем қызметіменауыр жағдайда екі жақты пневмониямен провизорлық стационарға жеткізілген.
CОVID-19 талдаулары оң нәтиже көрсеткеннен кейінинфекциялық стационардың қарқынды терапия палатасына ауыстырылды. ПациенттеСОVID-19-дан басқа екі жақты ошақты пневмония, сол жақты плеврит, 3 дәрежелітыныс алу жеткіліксіздігі, токсинді миокардит, жіті респираторлықдисстресс-синдромы және ауыр алкогольдік улануы тіркелген»,-деп мәлімдегенболатын басқарма басшысы І. Мұхамеджан.
«№23үйге неге ілмек салынды?»
Семей қаласының Юностькентіндегі №23 үйдің есігіне ілмек орнатылғаны қала тұрғындарын қатты абыржытты.Осы мекенжайдағы көпқабатты тұрғын үйдің адамдарының қазіргі хал-күйін анықтауБАҚ өкілдеріне қиынға түсіп отыр. Жағдай барысы іштей өздеріне мәлімболғанымен, Семей қалалық әкімдігінің шенеуніктері бұған қатысты алып-қашпаәңгімеге нүкте қойып, халықты хабардар етуге асығар емес. Атқамінерлердіңарасынан бір де біреуі суырылып шығып, БАҚ өкілдеріне түсінік беруді жайынақалдырғаны журналистердің де жүйкесін жұқартқан жайы бар.
Сөйтсек, алғашында қауесеттей көрінгенімен,бұл үйдің есігіне ілмек салу себебі бекер емес екен. Күні кеше ғана вирусинфекциясы анықталған Семей қаласының 1980 жылғы тұрғыны осындағы пәтерлердіңбірінде тұрған болып шықты. «Қазіргі уақытта науқас инфекциялық стационарғаауыстырылды. Жағдайы орташа дәрежедегі ауырлықта. Байланыста болған 48 адаманықталды. Жақындары карантиндік стационарға, ал болжамды байланыста болғандарүй карантиніне оқшауланды. Ол 12 сәуірде ЖРВИ белгілерімен және жағдайыныңнашарлауы себепті жедел жәрдем шақырып, артынша провизорлық стационарға жатқызылды.COVID-19-ға талдама алынып, оң нәтиже көрсетті» делінген І. Мұхамеджанныңмәлімдемесінде.
Ал ШҚО тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментібаспасөз хатшысы Бағлан Тауанова Юностькентіндегі 23 үйге қатысты төмендегідей мәлімет берді.
«ШҚО тауарлар мен көрсетілетінқызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті 2020 жылғы 13 сәуіркүні Семей қаласы тұрғынынан коронавирустық инфекцияны жұқтыру жағдайыанықталып, Семей қаласы бойынша 5-ші науқас ретінде тіркелгенін хабарлайды.Эпидемиологиялық тексеру барысында науқаспен қарым-қатынаста болған 38 әлеуеттітұлға анықталып, зертханалық зерттеу жүргізілді, барлығының нәтижелері теріс.
COVID-19 диагнозы анықталған науқас Семей қаласы Юность кентіндегі 23-үйдетұрған. Науқас тұрған подъезд 14 күн карантинде болады. Подъезд тұрғындарыкүнделікті телефонмен хабарлау арқылы бақылауда болады. Сондай-ақ, тұрғындарғаүйде оқшаулану ережелері толығымен түсіндірілді. Барлық тұрғындарды жасалып жатқаншараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз»,-делінген департамент хабарламасында.
Бір атап өтерлігі жергілікті шенеуніктерден жарытымдыжауап ала алмай, аталған департамент өкілі Б. Тауановаға хабарласқанымызда,көктен іздегеніміз жерден табылып, бірден жоғарыдағы ақпарат берілді. №23 үйгеқатысты осы бір ғана ақпарат үшін қаншама жүйкемізді тоздырдық.
Одан бұрын облыс әкімініңбаспасөз хатшысы Айгүл Базарова әупірімдеп барып, Семей қаласы әкімініңорынбасары Айдар Садырбаевтан жағдайдың бақылауда екендігін анықтағанынайтқанымен, бұл жауап «жыртыққа жамау болуға» жарамағаны шындық. Іле-шаламазалаған сауалдарымызды А. Садырбаевтың өзіне қойғанды жөн көрген әрекетімізде нәтижесіз болды. Қала әкімінің осы салаға жауап беретін орынбасарына қаншамәрте қоңырау шалғанымызбен, ол тұтқаны көтермеді.
Сонда қаланың бүтіндей бірауданындағы көп қабатты үйден елдің тынышын алған шу шыққанда, жергіліктіәкімдік дер кезінде мәлімдеме жасауға кімнен сескеніп отыр? Әлде, облыстанпәрменді жауап күтпейінше, сұраған жұртшылыққа жақ ашпауға ант берген бе?! Шененуіктердіңадамды түңілдіріп жіберетін мұндай түсініксіз әрекеті коронавирус жағдайыШығыстан да шыға бастаған күннен әлі жалғасып келе жатыр. Халыққа қажеттібиліктің ашық болуына жауапты басшылардың «жасырынбақ ойнап жүргені» біртіндеп,«ауруын жасырған өледінің» кебін кигізбесіне кім кепіл?! Осыдан біраз уақытбұрын ешқайда бармай-ақ, көктемгі демалыс кезінде қауіпті індеттің қармағынаіліккен бір үйдегі ағайынды екі баланың жағдайы туралы да семейлік ешбіршенеунік жақ ашқысы келмейді.
Қала әкімі ЕрмакСәлімовтің де қалыптасып отырған ахуал туралы БАҚ өкілдерімен кездесу өткізугемойны жар бермей жүргені де көңілдегі күдікті күшейте түспесе, алаңсыз отыруғашақыра қоймасы анық.
Сәтжан Қасымжанұлы
Шығыс Қазақстан облысы