Коронавирус: Қаскелең тұрғыны 11 адаммен байланыста болған (видео)
Вирус жұқтырған 53-ші адам Алматы облысына Бішкек арқылы келгені туралы бұдан бұрын да айттық.
1986 жылғы ер адам 17 наурызда Стамбулдан ұшып келген, ал Қазақстанға 18-і кірген. Ол Алматы облысы, Қарасай ауданында тұрады. Оның 11 адаммен байланыста болғаны анықталды. Қазір сол 11 адам да карантинге жатқызылды.