Қоғам

Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

COVID-19 жұқтырған адамның ауруы асқынғанда күресу үшін қолданылатын азитромицин антибиотигін бірқатар басқа препаратпен қолданған кезде жүрек талмасы болуы мүмкін.

Jasalash.kz

Чикагодағы Иллинойс университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келді, — деп хабарлайды РИА Новости.

Мамандар 44 миллионнан астам пациент туралы ақпаратты зерттеп, амоксициллин мен азитромицин қабылдаған топтардың нәтижесін салыстырған. 

Азитромицин мен жүректің электрлік импульстарына әсер ететін препараттарды бірге  қабылдаудан — жүрек қызметінің әлсіздігі 40 пайызға артатынын, яғни, талып қалу, жүрек соғысының жиілеуі, тіпті жүрек талмасы болатыны белгілі болды.

Мұндай дәрі-дәрмектерге қан қысымына қарсы препараттар, антидепрессанттар, безгекке қарсы препараттар және опиоидтар жатады.

Бұған дейін америкалық кардиологтар дәрігерлерді жүрек аритмиясына әкелетін дәрі-дәрмектерді мұқият тағайындауға шақырған болатын.

Бұл тізімге COVID-19-ға қарсы препараттар да енген. Олардың қатарында — хлорохин, гидроксихлорохин және азитромицин бар. Дәрігерлердің пікірінше, осының барлығы жүрек ырғағының бұзылуына әкелуі мүмкін, делінген материалда.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега