Коронавирустан қайтыс болғандардың саны 27-ге жетті
Коронавирустан қайтысболғандардың саны 27-ге жетті Қарағанды өңіріндекороновирус кеселінен көз жұмған екінші қайғылы оқиға тіркелді.
Қауіптікеселдің құрбаны болған адам Шахтинск қаласының 1958 жылғы тұрғыны. Бастапқыдаоның отбасында жақындарының бірінен короновирус анықталған. Ол бұл сырқаттанемделіп жазылып шыққан. Алайда сырқатты жақындарының бірінен жұқтырған 1958 жылғы ер адамның жағдайы нашарлай бастаған. Короновирустыңсалдарынан оның екі өкпесі қабынған. 5 сәуірде ауруханаға өкпесі қабынған дегендиагнозбен түскен. 14 сәуірде оның жағдайы нашарлаған соң Нұр — Сұлтанқаласындағы ауруханаға ауыстырылған. Ол 19 күн бойы ем алған. Дәрігерлердіңжан жақты түрде ем көрсеткеніне қарамастан Шахтинск қаласының тұрғыны 3 мамыркүні көз жұмды.
Қарағанды облысында 3мамырдағы жағдай бойынша короновирусқа шалдыққандар қатары 155 адамға жетті.Оның ішінде екі адам көз жұмса, сырқаттан 73 адам сауығып шықты.
Редакциядан: Бұгін сондай-ақ Шымкентқаласындада коронавирус инфекциясынан адам өлімі тіркелді. Қазақстанда індеттенқайтыс болғандардың саны 27-ге жетті.
Арайлым ЕРКЕБАЕВА,
Қарағанды облысы