Коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды
<p style=«vertical-align:baseline;font-family:» font-size:16px;color:#333333;background-color:#ffffff;"=""><p style=«vertical-align:baseline;font-family:» font-size:16px;color:#333333;background-color:#ffffff;"=""> 15 сәуірде яғни кеше Алматыда коронавирус жұқтырған науқас қайтыс болды.
«Кеше коронавирустық инфекция расталған тағы бір пациент көз жұмды. Бұл 1960 жылы туылған пациент 8 сәуірден бастап жүрек-өкпе жеткіліксіздігі, кахексиясына (ағзаның тозуы) байланысты ауыр халде Орталық қалалық клиникалық ауруханасында емдеуде провизорлық бөлімшесінде емдеуде болған»,-делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда Алматы облысынан бір әйел адамды есепке ала отырып, Covid-19-дан 330 пациент емделуде.
Провизорлық госпитальдарда 368 адам, оның ішінде 7-уі бала, карантиндік оқшаулауда – 426, үй карантинінде – 7288 адам.
Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған барлығы 393 жағдайы тіркелген, оның ішінде алты бала және төрт жүкті әйел бар.