Өңір

Коронавирустың екпіні орынбасарларды жылжытты

Күні кеше Шығыс Қазақстан облысы бойыншакоронавирус инфекциясының тарала бастауы жергілікті шенеунінктердің қызметінеде өз әсерін тигізген сияқты.

Jasalash.kz

Олай дейтініміз, облыс әкімі өткен аптаныңсоңында күтпеген жерден өзінің бірінші орынбасарын жаңартты. Яғни, бұған дейіносы қызметті атқарып келген шенеунік, Ахметовтің жиырма жылдан бері «қасынанқалмай келе жатқан» сенімді серігі Ержан Аймұқашев, Глубокое ауданының әкіміболып кете барды. Негізі, Павлодар өңірінің тумасы Аймұқашевтың 2015-2016жылдар арасында Өскемен қаласының әкімі қызметін атқарып жүріп, «отбасылықжағдайға байланысты» өз еркімен өтініш беріп, жөніне кеткен кезі де болған.Қызығы сол, арада бір жыл өткенде ол облыс әкімінің бірінші орынбасарықызметіне тағайындалып шыға келді. Алайда, соңғы үш жыл ішінде аталғанатқамінердің алға түсіп, барлық сала үшін жұртты жалт қаратқан ерекшелігінешкім байқаған жоқ. Бәлкім, бұл барлық жерге орынбасарларын, көбінесе, орнындақалдырып, өзі шапқылап жүретін Ахметовтің «ширақтығынан» да болар.

Сонымен,аудан тізгінін ұстап кете барған Аймұқашевтың орнына төрт орынбасардың қатарында жүрген АлмасханСматлаев «бірінші» болып тағайындалды. Ал, облыстық ауылшаруашылығы басқармасыбасшысының  міндетін өткен жылдың қарашаайынан атқарып келген Ержан Нұрбаев облыс әкімінің осы салаға жауап беретінорынбасары болып тағайындалды. Алған білімі жұмбақ, «экономикалық» мамандықтықай оқу орынында тәмамдағаны белгісіз, қызмет сатысында 4 ЖШС директоры ғанаболған Нұрбаевтың облыстың аграрлық саласына қалай басшылық ететіні Ахметовтіңөзіне ғана мәлім.

Кезінде Өскемен қаласын сырттан келіп бір жыл ғанабасқарған Аймұқашевтың барлық саланы қамтитын «бірінші» болып шыға келгеніне детаңдай қаққандар көп болған. Ал, жасы 31-ге енді келген Сматлаевтың «бірінші»қызметіне жоғарылағанға дейін 2018 жылдың ақпан айынан облыс әкімініңорынбасары қызметін атқарғанын айтсақ та жеткілікті шығар.

Сонымен,Глубокое ауданына Аймұқашевті апарған Даниал Ахметов осы ауданды 4 жыл басқарғанҚалихан Байғонысовты Алтай ауданының әкімі қызметіне тағайындады.

 Әрине,былай қарағанда, облыс басшысының кадр алмастыруында тұрған бәлендей жаңалықжоқ сияқты көрінеді. Бірақ, әлем елдерін есеңгіретіп тастаған коронавирусіндетімен күресті күшейту басты орынға шығып тұрғанда, Д. Ахметовтіңорынбасарларын, аудан әкімдерін ауыстырғаны «отпен ойнап» жүргендей әсерқалдыра ма, қалай?!

Қазіргі күнде Шығыс Қазақстан облысы бойыншааталған дертті жұқтырғандар саны 6-ға жетті. Жұрт соған алаңдап  жатқанда, өңір басшысының «өткелге келгенде,ат ауыстырма» деген мәтелді ұмыт қалдырғаны өкінішті.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега