COVID-19

Коронавирустың зардабы алда – сарапшы

Төтенше жағдай мен карантин шаралары әлемэкономикасына үлкен соққы боп тиіп жатыр.

Jasalash.kz

Мұның әсері Қазақстан үшін де жоқемес. Жыл басталғалы еліміздің экспорты 8 пайызға кеміген. Импорт болса былтырғақарағанда 4,6 пайызға артқан. Елде ұсталып жатқан белсенділер жөнінде «Билікалдағы дағдарыстағы наразылық шараларынан сақтанып жатыр» деп бағалаған құқыққорғаушылар.

 Қаңтар-ақпан айларында Қазақстанның тауарайналымы 13,7 млрд долларды құраған. Бұл алдыңғы жылғы осы уақыт аралығынақарағанда 4,6 пайызға аз(14,3млрд долл.). Әдетте еліміздің сауда айналымыныңкөп бөлігін экспорт құрайды. Оған 66,1 пайыз тиесілі  болса, импортқа 33,9 пайыз тиесілі.  Яғни Қазақстан жыл бастала салысымен алдакүтіп тұрған қиындықтың алғашқы белгілерін сезген.

                         «КЕДЕЙ ЕЛДЕРҚАТАРЫНДАМЫЗ»

     GSB UIB директорының орынбасары, экономистМақсат Халық алда бізді көп сынақ күтіп тұрғанын айтады. Коронавирустың еңалғашқы әсері ретінде ол мынаны қарастырады: «Жалпы әлем экономикасыныңкөрсеткіші жан басына шаққандағы ЖІӨ-мен есептеледі. Бұл мемлекеттің бір жылдаөндірген тауары мен жасаған істерінің көрсеткіші ғой. Мұны бізде теңгеменсанаса 70 трлн-ға жетеғабыл. Бірақ әлемдік танымал рейтинг көрсеткіштері мұныдоллармен есептейді. Халықаралық стандартқа сай ЖІӨ 10 мың долларға дейін болсаол «кедей ел» санатына кіреді, 10 мен 20 мың доллар арасындағылар «орташатабысты» боп саналса, 20 мыңнан асқандар «табысы жоғары» деген санатқакіргізіледі» дейді экономист. Оның айтуынша Қазақстанның ЖІӨ-і 2013 жылы ғана13 мың 600 доллар деген көрсеткішке жетіп, «донор ел» атанған. Яғни экономикасынашар елдерге көмек көрсетіп, әр түрлі бағдарламамен Ауғанстан сынды елдергегуманитарлық жәрдем беріп, студентттерін елге шақыра бастаған. Бірақ бұл «бақыт»ұзаққа созылмады. Еркін айналымға өте салысымызбен теңге екі есе құнсызданып,ел табысы күрт төмендеген. «Сол кезде құлдыраған экономика жаңадан жанданып,биыл ЖІӨ 10 мың долларға жетіп қалған еді, теңге тағы да құлдырап, кедей елдерқатарына тағы қосылдық» дейді маман.

   Әлемдегі өндірістің қысқаруы да зиянынтигізіп жатыр. Қытай, Еуропа елдері өндірісті азайтқандықтан бұл шикізатқасұранысты кеміткен. «Шикізат деп отырғанымыз бірінші орында мұнай, және түрліметаллдар. Бұл біздің экспортымыздың 86 пайызын құрайды(қара алтын-70 пайыз,металл-16 пайыз). Мұның барлығы бір-бірімен байланысты ғой. Нәтижесінде айырбасбағамы төмендейді» деп кіжінеді М. Халық. Экспорттың импорттан аз болғаны еләлеуетін бірден түсіріп жібереді. Жоғарыда келтірген 8 пайыз жыл соңына дейін50 пайыздан асып жығылады деп болжам жасалып отыр.

                         «3 МЛН АДАМ ЖҰМЫССЫЗҚАЛАДЫ»

  Теңгенің қымбаттауы, әлеуметтік жағдайдыңтөмендеп, халықтың төлем қабілетінен айырылуы, ақыры жұмыссыздықтың өршуіелдегі жағдайды шиеленістіре түседі. «Көптеген компания жұмысын тоқтатты.Көпшілігі жабылып, жұмысшыларды ақысыз еңбек демалысына жіберді, келесілерібанкротқа ұшырады» дейді мамандар. М. Халық ресми мәлімдемедегі жұмыссыздық 4,8деген сандарға сенбейтінін айтады. «Биыл 5,8 болды деген-ді. Алайда бұлары дакүмәнді. Бізде жұмыссыздық деңгейі бұған дейін де оңбай тұрған еді» дейді ол.Карантин мен ТЖ біткен соң жұмыссыздар саны 3 млн-ға жетеді деп болжап отырэкономист.

                                          ПАЙДАСЫЗ ОДАҚ

  Еуразиялық экономикалық одақпен Қазақстанныңсауда айналымы 2,9 млрд долларды құраған. Бұл былтырға қарағанда 4,4 пайызғакөп. Бірақ бұл Қазақстан импортты 9,3 пайызға арттырғанының арқасында туып  отырған өсім. ЕЭО-қа экспортымыз 6,4 пайызғакеміген екен. Одақ аясында елімізбен «ыстық» қарым-қатынаста болып, барсауданың 95 пайызын Ресей Федерациясы құрап отыр.  Көп маман сынға алатын бұл одақтың пайдасыжоқ деп санайды мамандар. Олардың айтуынша біз өзіміз өндіретін тауарлардыЕЭО-дан импорттап отырмыз. Оның үстіне одақ аясындағы экспортымыздан импортымызкөп.

 «Меніңше осы сәтті пайдаланып, шекараларжабылған кезде өзіміз өндіріп отырған тауарларың тізімін жасап, соны сатыпалуды доғару керек»,-дейді Мақсат Халық.

                             ӘЛЕМ ҺӘМ ҚЫТАЙ «СЕРПІЛІСІ»

  Қытай коронавирусты ауыздықтаған соң халықаралықмамандар ол елдің әлемнің ең үлкен экономикасы атануға талпынатынын айтыпжатыр. Мұның астарында себеп жоқ емес, үйткені қазіргі үлкен экономика АҚШ көпшығындарға ұшырап жатыр. Бірақ араларында әлі де болса алшақтық бар, себебі АҚШЖІӨ 20 трлн доллардың үстінде болса, Қытайдың ЖІӨ 14 трлн айналасында екен. «1млрд халықпен 300 млн адамдық АҚШ-ты шаң қаптыру қиындау болады» деген пікіргетоғысады мамандардың көп бөлігі.

Жалпы, әлемді жайлаған бұл індет жайлы «Жас Алаш» қаузаған жайттарды мына жерден оқисыз.

 

Думан ТЕРЛІКБАЙ  

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега