Қоғам

Короновирус жұқтырған министрлердің атын атауға болмайды (видео)

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавирус дертін жұқтырған министрлер туралы айтуға болмайтынын, ол дәрігерлік құпия екенін атады.

Jasalash.kz
«Сырқаттанғандардың арасында жоғары лауазымды шенеуніктер, атап айтқанда министрлер, вице-министрлер және тағы басқа лауазымды адамдар бар-жоғын бізден сұрайды. Атап өткім келеді ол „Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі“ туралы Заңның 95-ші бабына сәйкес дәрігерлік құпия болып табылады. Біз оны жария етуге құқымыз жоқ»,-деді Абаев ОКҚ брифингінде.Бүгін Қазақстанда коронавирус ауруының 62-ші жағдайы  тіркелді.Алматыда COVID-2019-дан 26 адам, Нұр-Сұлтанда — 32, Қарағандыда — екі, Алматы облысында — бір, Ақтөбе облысында — бір адам жұқтырған.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы төтенше жағдайлар кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға жәрдемақы төлеуді тапсырды. Сондай-ақ, қазақстандықтардың  несиесін  кейінге қалдыруды ойластыруды тапсырды.  Дәрігерлер, полицейлер және төтенше жағдай салдарымен күресетіндердің барлығы жалақыларына қоса сыйақы алады.Жалпы, коронавируспен күресу үшін Қазақстанда 10 миллиард доллар бөлінеді.
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега