Әлеумет

Көрсеткіштері төмен Көлгінов министрлікті кінәлап шықты

Осы аптадағы үкімет отырысында шағын және ортакәсіпкерлікті дамыту жағдайы қаралды.

Jasalash.kz

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылған 4 жылда республикалық бюджеттен 210 млрд.теңге қаражат бөлінді. Республика бойынша субсидияланған жобалардың жылдық орташа саны 466 жобаны құрады, бірақ, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Павлодар  облыстарында бұл көрсеткіштер төмен. Шағын және орта бизнестіңкөп үлесі Елорда, Алматы  қалаларына және Шығыс Қазақстан облысына тиесілі. Ең төмен бөлігі – Қызылорда, Павлодар және Қарағанды облыстарында. Бұл ретте, соңғы 4 жылда бірқатар өңірлерде шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесінің төмендеуі байқалады. Олар Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары.

«Әкімдіктердің әлі де атқаратын жұмыстары бар», – дейді бұл жөнінде ұлттық экономика министрі Руслан ДАЛЕНОВ. — Мысалы, Батыс Қазақстанжәне Павлодар облыстарында соңғы жылдары экономикадағы шағын және орта кәсіпкерлікүлесінің төмендегені байқалады. Ал, көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдаушараларының саны республикалық орташа мәннен төмен. Әкімдіктер осы бағыттажұмысты күшейтуге тиіс.

Бағдарламаны тиімді түрде жүргізбей отырған өңірлер барекенін үкімет жетекшісі де ашық айтты.

«Батыс Қазақстан облысында бағдарламаны іске асырукезеңінде шағын және орта кәсіпкерліктегі жалпыөңірлік өнімнің үлесі 5,8пайызға төмендеді», – дедіпремьер-министр Асқар МАМИН. –  Субсидиябөлінген жобалар саны – 397-ге жетті. Бұл республикалық көрсеткіштен 14 пайызғатөмен. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны 40мыңды құрап отыр. Бұл республикадағы төменгі көрсеткіштердің бірі.

Бұған Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай КӨЛГІНОВақталып-ақ бақты. Облыс әкімінің айтуына қарағанда ұлттық экономика министрлігімәліметтерді дұрыс бермеген көрінеді.

– «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 100миллиард теңгеге 857 жоба қолға алынды, –  дейдіАлтай Көлгінов. – Осының арқасында 28 мың жұмыс орнын сақтап, 5 мыңнан асажаңа жұмыс орындарын аштық. 2015-2018 жылдар арасында пайыздық мөлшерлеменісубсидиялау бойынша жалпы соммасы 50 миллиард теңгеге 440 жобаға қолдаукөрсетілді. Министрліктің берген цифры толық емес. 397 емес, 440 жоба.

Бірақ облыс әкімі келтірген мәліметтер премьер-министрдіңкөңілінен шықпады.

– Алтай Сейдірұлы, көрсеткіштердің бәрі төмен. Шағын жәні орта кәсіпкерлікке көңіл аудару керек. Бұл мәселені тағы да қосымша қараймыз, –  деп үкімет жетекшісі қабағын шытты.

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Әлихан СМАЙЛОВта БҚО, Павлодар облыстарының көрсеткіштері төмен екенін мойындап отыр. «12айдың қорытындысымен тағы да талдайтын боламыз» деді қаржы министрі.

Фото: qamshy.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега