«Көшеге шығудың» әлегі
Парламент мәжілісі «Бейбіт шерулер туралы» заңды қабылдады«… Егер билік қоғамға аса қажетті заңды қоғамдықатыстырмай, ың-шыңсыз өткізіп жібергісі келсе, халықты қораға қамап қоятынкарантиннен ұтымды уақыт жоқ».
Фараон РАМЗЕС, б.э.д. Х ғасыр
Ширақтықпа, көзбояушылық па?
Президентке рақмет, қанша сөзбұйдағасалса да, саяси реформаның негізі болып табылатын үш заңды өзгертуді күнтәртібіне қойды. Парламентке де рақмет, бір айдың ішінде екі заңға өзгертулермен толықтыруларды дайындап, тағы бір заңды жаңадан жазып шықты. Бірақ, меніңше, көңілімізде бір түйткілқалған сияқты. Бұлардың бәрінің жүзеге асырылуы «терең саяси реформадан» гөрі биліктің баяғықулықтары мен жариялылықты айналып өтудің тәсілдерін еске салатын сияқты.Біресе Дәурен Абаев ініміз заң жобасының орнына қоғамның талдауына«Тұжырымдаманы» (?) ұсынып таңғалдырса, адам құқығына негізделген заңдарғакелгенде ешқашан асықпайтын парламент аса ауыр індетпен күресіп, байтал түгіл,бас қайғы болып, адамдар үйлеріне қамалып жатқанда «Саяси партиялар туралы»,«Бейбіт шерулер туралы» және «Сайлау туралы» заңдарды мәжілістен өткізіп, сенатқаберіп қойғанға ұқсайды. Әрине, парламент карантин кезінде де өзінің жұмысынтоқтатпайды, бірақ солардың ішінде «мынадай жағдайда бұл заңдарды талқылаудыкейінге, індеттен құтылған кезеңге қалдырайық, ел басына күн туған уақыттакөшеге шығып, шу көтеріп жатқан не саяси партия құрып, ел аралап жатқан ешкімжоқ қой, ұят болады» дейтін бір адамның табылмағаны қынжылтады.
«Баяғы жартас – сол жартас»
Енді заң жобасының мазмұнына көңіл аударайық. Газет көлемі әр бапты жекеталдауды көтермейді, сондықтан заң жобасына қатысты бес-алты мәселеге ғанатоқталғым келеді. Бірінші және ең басты даулы мәселе – шеруге шығу үшін жергіліктібиліктен рұқсат алу керек пе, әлде «біз осындай уақытта шеру не митингұйымдастырып жатырмыз» деген хабарлама жеткілікті ме деген сұрақ. Бұрынғызаңымызда Конституцияда көрсетілген адам құқығы мен еркіндігінің жүзеге асуынне аспауын жергілікті әкімшілік шешетін. Ал заң жобасының «БЕЙБІТ ЖИНАЛЫСТАРДЫҰИЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ» деп аталатын тарауда (4-бап, 2-тармақ) «жергілікті атқарушы органға бейбітжиналыстар өткізу туралы хабарлама немесе келісуді алу туралы өтініш беру» деген жолдар бар. Заңды дайындаушылар «Қазақстан Республикасында бейбітжиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» деген заңға кіретінбірнеше іс-әрекетті екіге бөліп, «онша қауіпті емес» пикет, жиналыс, митингігехабарлама да жеткілікті, ал «қорқыныштырақ» демонстрация мен шеруге келісім алутуралы өтініш беру талабын қойыпты. Бірақ, менің түсінігімше, талаптың екігебөлінгені – біреуі (пикет, жиналыс, митинг) тек хабарламамен шектеледі, алекіншісіне (демонстрация, шеру) әкімшілік не келісім береді, не бермейді дегенсөз емес. Заң жобасының 14-бабына сәйкес, жергілікті атқарушы билік хабарламаңнанда, өтінішіңнен де бас тартуы әбден мүмкін. Бұны 14-баптың атауы-ақ («Бейбіт жиналыстар өткізуден бас тарту»)айтып тұр. Қысқасы, таз қалпымызға қайта түстік.
Бюрократия жеңісі журналистіқорғансыз қалдырды
Айта кету керек, хабарлама беру менкелісім алу туралы өтініш беру мейлінше қиындатылған. Бұл құжаттарды толтыруүшін заңда көрсетілген 13 түрлі (!) талапты ескеру керек. Егер біреуі ескерілмесе,хабарламаңа жауап та берілмейді. Бұл тағы да «ешқашан өлмейтін бюрократияның»,демек, биліктің жеңісі (неге екенін қайдам, көз алдыма «ал мына жерде «бейбітжиналысты қаржыландыру көзі неге көрсетілмеген» немесе «қатысушылардың болжалдысаны қайда, неге білмейсің, неге құмалақ салып бал ашпайсың» деп, мысқылдайжымиып тұрған әкімшілік қызметкері елестейді).
Екінші – журналистердің құқығытуралы. Бұған арнайы бап та бөлініпті (7-бап –«Журналистің (бұқаралық ақпарат құралы өкілінің) қызметі»), бірақ«бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы меноларға қатысушылардың, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ұйымдар қызметкерлерініңзаңды әрекеттеріне кедергі келтірмеу» міндеті бар да, ал тәртіпсақшыларының «журналистердің жұмысына бөгет жасамау міндеті» көрсетілмеген.Егер соңғы жылдары бейбіт шерулерге қатысқан журналистердің де ұсталғандеректерінің көбейгенін ескерсек, БАҚ қызметкерлерін заңдық тұрғыдан қорғау мүлдемұмыт қалды деп айтуға болады.
Болмаған митингқатысушылары
Менің заң жобасы ішінен «шырақ алыпіздеген» үшінші мәселем бейбіт жиындар, шерулер басталмай жатып сол жергежақындаған адамдардың ұсталып, полиция бөлімдеріне апарылып, бірнеше сағат қамаудаотыратын жағдайдың заңдық тұрғыдан шешілуі болатын. Бұларға көп жағдайда«рұқсат етілмеген митингіге қатысушы» деген айып тағылатын. Ең қызығы, митингәлі болған да жоқ, басталған да жоқ және сол күні «мынадай жерде митинг өтті»деген ресми хабар да болмайтын. Бірақ «болмаған митингіге қатысушылар» бар.
Егер халық алаңға толып, митингбасталып, алғашқы адамдар сөйлей бергенде әкімшілік не прокуратура өкілі шығып,«бұл жиынға біз рұқсат берген жоқпыз, сондықтан қазір тарамаған жандар жауапқатартылады» деген хабарлама жасаса, адамдардың ұсталуы заңда болар ма еді.Болмаған митинг үшін сол жерге барғандардың ұсталуы заңның да, адам құқығыныңда толық бұзылуы болып табылады. Алайдазаң жобасынан өмірден орын алатын осы іс-әрекетке қатысты ешқандай бап көреалмадым. Демек, заң «митингінің басталуы дегеніміз не», «митингіге қатысушыдегеніміз не» деген сұрақтарға жауап беруі керек деп ойлаймын. Немесе заңға«митинг өтетін жерге 150 метр жақындаған адамдар митингіге қатысқан болыпесептелінеді» деген нақты баптың енгізілуі шарт. Ондай бап болмаған жағдайдабұрынғы заңсыздықты тоқтата алмаймыз.
Наразылықуақытпен өлшенбейді
Төртіншіден, «Бейбіт жиналыстарөткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыт бойынша сағат9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды» немесе пикет жасауәрекеті «дәл сол бір объектіде күнінеекі сағаттан аспауға тиіс» деген талаптардың да болмыстан алыс екені даусыз.Кейде мерзімсіз, сөткелеген, апталаған, керек десеңіз, айларға ұласатынжиындардың, митингілердің (талаптары орындалғанша) болатынын бәріміз білеміз. Ал пикетті екі сағатпен шектеу флешмобпеншатастыру деп ойлаймын.
Бесіншіден, заң шығарушылардыңназарынан тыс қалған тағы бір мәселені айта кеткен дұрыс. Заң жобасы асықпай,ретімен жүргізілетін іс-әрекеттерге арналған сияқты. Бірақ бейбіт шерулердіңтең жартысы уақытпен санаспайды; құдай бетін аулақ қылсын, бірақ «Жаман айтпай– жақсы жоқ» деген, егер ел іргесіне жау тисе немесе 1991 жылғыдай мемлекеттіктөңкеріс (ГКЧП) жасалса, әйтпесе біздің парламент байқамай жерді сату туралызаң қабылдаса, халық сол мезетте көшеге шығады. Бұл уақытта хабарлама не өтінішберіп, үш не жеті күн күтуге болмайтыны белгілі. Меніңше, заңда осындайжағдайлар да ескерілуі шарт.
Алтыншыдан, халықтың дәстүріне айналып кеткен,айрықша аталып өтетін күндер бар. Жыл сайын Желтоқсан көтерілісі күнінде (17желтоқсанда) алаңға шығып, ескерткішке гүл қойылады, құран оқылады. Тоқсаныншыжылдардың басында осыны тоқтату үшін билік орындарының істемегені жоқ.Адамдарды алып кетті, жиналғандарды қуып таратуға тырысты. Бірақ халықты жеңеалмады, мойындады, жазалауды тоқтатты. Егер жаңа заң қабылданса, бұл шараға дарұқсат сұрау қажет пе? Дәл осындай жағдай ашаршылық күндерін атап өту сияқтыхалықтық мейрамдарды өткізгенде туындайтыны анық.
Демонстрацияне, шеру не?
Енді мәжілістен өтіп, сенатқажеткен «Бейбіт шерулер туралы» заң жобасының жазылу форматына көңіл аударайық.Біріншіден, бұрынғы, 1995 жылғы заңдағы 12 бап 1,5 бетке сыйып кетсе, жаңа заңжобасындағы баптар екі есе көбейіп, көлемі 17 бетке жетіпті. Әрине, заңболғандықтан, әрбір бапты тәптіштеп, бүге-шігесіне дейін қалдырмай анықтап берукерек, бірақ бұл жерде нақтылаудан гөрі қайталау мен қажетсіз бюрократиялық талаптарбасым сияқты. Мысалы, заңда пайдаланатын негізгі ұғымдарға анықтама берілгенде«демонстрация» мен «шерудің» айырмашылығын таба алмайсыз. Тек біреуінде«қозғалыс», екіншісінде «жүріп өтуі» деп көрсетілген:
5) демонстрация – қоғамдық маңызы бармәселелер және (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардыңәрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша пікірін жария білдіру мақсатында ҚазақстанРеспубликасы азаматының немесе азаматтары тобының белгілі бір уақытта белгілібір маршрут бойынша қозғалысы, бұл көлік құралдары пайдаланыла отырып, дыбыскүшейткіш техникалық құралдар, плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекіүгіттеу құралдары пайдаланыла отырып немесе пайдаланылмай, талаптар қойылаотырып немесе онсыз жүзеге асырылады;
12) шеру – қоғамдық маңызы бар мәселелержәне (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттері(әрекетсіздігі) бойынша пікірін жария білдіру мақсатында Қазақстан Республикасыазаматының немесе азаматтары тобының көлік құралдарын пайдаланбай белгілі біруақытта белгілі бір маршрут бойынша жүріп өтуі, бұл дыбыс күшейткіш техникалыққұралдар, плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекі үгіттеу құралдары пайдаланыла отырыпнемесе онсыз, талаптар қойыла отырып немесе онсыз жүзеге асырылады.
Заң тілібірізді болу керек
Екінші көзге түсетін мәселе –біздің барлық заңдарымыздағы бар ауру, қазақ тіліндегі сөйлем құраудағықателіктер немесе жаңа бір түсініксіз сөз тіркестері. Мысалы, бір жерде «жиналыс – қоғамдық маңызы бар мәселелердіжәне (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттерін(әрекетсіздігін) ұжымдық жария талқылау мақсатында Қазақстан Республикасыазаматтарының белгілі бір жерде, белгілі бір уақытта бірлесіп болуы» немесе «талаптар қойыла отырып немесе онсыз жүзеге асырылады» деген сияқтықойыртпақ сөйлемдер кездессе, енді бір жерлерде «өтінішті келісу», «пикеттеу» сияқты неологизмдер алдымызданшығады. Бұның біріншісі құжаттың атауы болса, екіншісі бұрынғы заңда, ұмытпасам,«пикет қою» деп берілген. «Пикет ұйымдастыру», «Пикетке шығу» деген ұғымныңқолданысқа еніп кеткені белгілі, сондықтан «пикеттеу» сөзі, меніңше, жаңсақтаусияқты.
Бейбіт шеру –еркіндік белгісі
Заң жобасын жасаған жандар бейбітшерулерді және сол бағыттағы басқа да іс-әрекеттерді билікке қарсы жұмыс дептүсінетін сияқты. Бұл қате пікір. Кейде азаматтар не саяси-қоғамдық құрылымдарқоғамды біріктіру мақсатында немесе биліктің бір бастамасына қолдау көрсету мақсатындада шерулер ұйымдастырып, митинг жасайды. Кеңес өкіметі кезінде «Вьетнамнанқолыңды тарт!», «Атом бомбасы жойылсын!» деген ұрандармен талай митингұйымдастырылды, ал жыл сайын 1 Мамыр мен 7 қарашада барлық елді мекендердедемонстрациялардың болуы жасанды дәстүрге айналған болатын. Сондықтан бейбіт шеруді құбыжыққа айналдырмай,демократияның бір құрылымы ретінде, адам құқығы мен еркіндігінің көрінісіретінде қабылдағанымыз дұрыс. Демек, заңда осы ұстанымға сай болуы керек.
Дос КӨШІМ, саясаттанушы