Саясат

Көшербаев Ахметовты қызметінен алып тастай ма?

ҚР президентіәкімшілігінің жетекшісі Қырымбек КӨШЕРБАЕВ Шығыс Қазақстан облысы әкімі ДаниалАХМЕТОВТЫ орнынан алып тастай ма?

Jasalash.kz

Бұндай сауалды facebook.comәлеуметтік желісінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл ОРЫНБЕКортаға тастады.

«Көшербаев мырза! ШҚО-ның әкіміне кредиттік сеніміңіз қалай? Әлде мына тойды көрмей қалдыңыз ба? Әлде бұл той көрмей қалатын той ма? Арыста жарылыс болып үйлер әлі біткен жоқ. Ауыл-ауылдарға жол салуға бюджет жоқ. Көпбалалы аналарға пәтер бере алмай отырмыз. АлШҚО әкімі 1 жасар қыздың тойын бүкіл облыс болып тойлап жүр. ШҚО әкімінің функционалдық қызметіне аталған қызметтер кіреді ме?Әрбір киіз үйді жалдау үшін бюджеттен қанша қаражат кетті екен? Сахна,шатерлерді санамай ақ қояйын!Мемлекеттік қызмет істер агентігі ШҚО әкімінің функционалдық қызметінемына міндеттемелер кіре ме? Ғабидулланы бір видео үшін алып тастадыңыз, ал мынаәкімді ше?», — деп жазды заңгер Айгүл Орынбек.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі АйгүлОрынбектің айтып отырғаны той иесі — Болат НАЗАРБАЕВ экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ туғанінісі. Болат Назарбаев жары Динара КЕМЕЛХАН екеуі қыздарыЕркежанның 1 жас тұсаукесер тойын ШҚО, Үржар ауданына қарасты Көктерек ауылындаөткізген. Бұл ауылға күйеу бала болып келетін Болат ӘБІШҰЛЫ 8 тамыз күні қайын-жұртындаұлан-асыр той жасаған.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек жариялаған фотода бұлтойдың сахна, дыбыс, жарық, ЛЭД экран, киіз үйлер мен шатырға Шығыс Қазақстаноблысының әкімі Даниал КЕНЖЕТАЙҰЛЫ жауапты болған. Заңгер Айгүл Орынбектіңсауалы орынды. Бұған бюджет қаражаты жұмсалды ма? Яғни салықтан жиналғанхалықтың ақшасы кетті ме? Бұл сұрақты қоюға кез-келген қазақстандықтың құқығыбар. Бәлкім Даниал Ахметов Қазақстандағы ең дәулетті елу кәсіпкердің қатарынакірген, 145 млн АҚШ доллары бар ұлы Талғат АХМЕТОВТАН ақша алып БолатНазарбаевтың тойының бір жағына шығысқан болар.

Айтпақшы, президент Қасым-ЖомартТОҚАЕВ 2019 жылдың мамыр айында генерал-майор шені үшін жерлестерінен ат мінгенАян ДҮЙСЕМБАЕВТЫ қызметінен шеттетті. Ал өткен айда Шымкент қаласының экс-әкіміҒабидолла ӘБДІРАХЫМОВ желігеЛондондағы видеосын салып қызметінен айрылып қалды.  

«Оның қылықтары (ҒабидоллаӘбдірахымов) БАҚ пен әлеуметтік желілерде егжей-тегжейлі жарияланып жүрді.Мұның бәрі дәл қазіргі уақытта – халық мемлекет қолдауына мұқтаж болыпотырғанда, Арыс енді ғана еңсесін тіктеп, Түркістан жаңарып, еліміз жаңазаманның сын-қатеріне жауап іздеп жатқанда болды. Бұл — Мемлекет басшысыныңтапсырмаларына кереғар, биліктің абыройын түсіретін жағдай. Бүгінде ҒабидоллаӘбдірахымовқа артылған саяси сенім шегіне жетті. Халық биліктің барлықтармағының адал жұмысына лайық. Осыған байланысты өңір басшылары халыққақалтқысыз қызмет етіп, өздерін келісті ұстауы керек», — деп пікір білдірген едіҚырымбек Көшербаев.

Осы айдыңсоңында Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ жарлығымен құрылған Ұлттық қоғамдық сенімкеңесінің алғашқы отырысы болады. Кеңестің төрағасы президент мырза, орынбасарыҚырымбек ЕЛЕУҰЛЫ екенін ескерсек Айгүл Орынбектің сауалына жауап сол кездеболар деп ойлаймыз.

Коллаж: Жас АЛАШ

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега