Көшербаев ауруханаларға неге көңіл бөлмейді?
Қызылорданың ауруханаларында науқастарға құнарсыз тамақ беріледі.Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйенсек 2018 жылы Қызылордаоблысына 129 жас маман (медицина саласына) келген.
Алайда оның тек 2,9 пайызығана баспанамен қамтамасыз етіліпті. Медициналық мекемелердің 63,3 пайызыескіріп кеткен екен. Ауруханалар мен емханалардағы құрал-жабдықтардың 41,6пайызы жарамсыз. Былтыр 155 маман білім жетілдіру курсынан өтуі тиіс еді, оның26 пайызы ғана арнайы дәріс ала алыпты.
Тәжірбиелі әкім Қырымбек КӨШЕРБАЕВ басқаратын облыс үшін бұл жақсыкөрсеткіш емес. Былтыр Қырымбек ЕЛЕУҰЛЫ «Алтын сапа» республикалық байқауындакәсіпкерлерге жағдай жасаған үздік облыс әкімі деп экс-президент НұрсұлтанНАЗАРБАЕВТЫҢ қолынан марапат алып еді. Бизнеске жағдай жасаған әкім неге асамаңызды медицина саласын қадағалауға алмады екен?
Жуырда мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл облыстық департаменті жанындағы «Ақмешіт –адалдық алаңы» жобалық кеңсесі арнайы мониторингтің қортындысын жариялады. Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА басқаратын департамент жұмысы тіптен сын көтермейді. Денсаулық сақтау министрлігі мен «Ақмешіт –адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Қызылордадағы медицинадағы проблеманы бірдей ашып көрсетіп отыр. Облыстағы ауруханалардың асханасын көрсеңіз онсызда тәбеті жоқ ауру жандардың жағдайына жаның ашып кетеді.
Қызылорда облысының ауруханаларында науқастарға еті жоқ әрі құнарсызтағамдар беріледі. Бұл жайт «Ақмешіт –адалдық алаңы» жобалық кеңсесініңжүргізген тексеру жұмыстарының нәтижесінде белгілі болды. Мониторингтік топөңірдегі емдеу мекемелерінде болып, көптеген олқылықтардың орын алғандығынайтты.
Бірқатар мекемелерде сапасы төмен азық-түліктерден ас дайындалғандығыанықталған. Күнделікті берілетін тағам алдын-ала жасалынған менюге сәйкескелмей отыр. Оның үстіне тамақ пісірілетін асханалар мен қоймалар санитарлықталаптарға сай емес. Науқастардың жатын орындары да ескіріп кеткен.Ауруханалардың айналасы шегілген темекі тұқылдарынан көрінбей қалған. Бұлжағдайға өкінішке қарай, назар аударып отырған құзырлы орган жоқ. Айта кетукерек, мониторингтік тексеру кезінде жалған медициналық анықтамалардың дақолдан жасалатындығы белгілі болды.
«Тексеру кезінде 50-ден астам жалғанмедициналық анықтамалардың жасалынғандығы анықталды. Топ мүшесінің бірі көзалдымызда қаржылай сыйақы көмегімен санитарлық кітапша сатып алды. Қазір бұлфактілердің барлығы құзырлы органдарға хабарланды. Полицейлер істің мән –жайынанықтап, тергеу жүргізуде», — деп мәлімдеді жоба жетекшісі Жандос ТҰСМАҒАНБЕТОВ.
Аталмыш жағдайға байланысты түсініктеме алу үшін Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасына хабарласқан болатынбыз. Алайда, баспасөз қызметі сұхбатқа бос уақыттары болмай жатқанын мәлімдеді. Күні ертең Қызылорда облысына ҚР Денсаулық министрі Елжан БІРТАНОВ келеді деп күтілуде. Бұл мәселені министр шешпесе, жергілікті шенеуніктердің уақыттары болмай жүр.
Айнұр МАНАТБАЙ
Фотоларды автор ұсынды.