Көшербаев пен Көшербай қатысқан тойдың дауы
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындамалшылар слетіне бөлінген қаражат тиісті қорға төлінбей отыр.
Жыл сайын дәстүрлі түрдеЖаңақорған ауданындағы Үсен бауы таулы қыратында малшылар слеті өткізіліптұрады. Биыл да бұл шараға Ауыл шаруалығы министрі Сапархан ОМАРОВ, сол кездегіоблыс әкімі Қырымбек КӨШЕРБАЕВжәне барлық аудан басшылары қатысып, малшы, шопандардымарапаттап, бағалы сыйлықтар беріп,жоғары деңгейде тойланған. Жалпы еңбегі еленген жандар ризашылықпен тарқасқан.Дегенмен шикілік Жаңақорған ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі ауқымды шараныөткізген «Арман асуы» қоғамдық қорының шығыстарын өтеп бермеуіндеболып отыр.
— Ауқымды шараны өткізуге конкурс жарияланып,нәтижесінде “Арман асуы" қоғамдық қоры барлығын ұйымдастыратын болыпшешіліп, маусым айында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімімен келісім шартжасалды. Барлығы ойдағыдай өтті. Әр дүниені аудан басшылары, басқа да лауазымдытұлғалармен ақылдасып жасадық. Осылайша ризашылық танытқан басшылар келісімшартта көрсетілген 8 437 000 теңгені қорға аударар уақыт жеткен кезде әр ісімізден кемшілікіздеп, ақыр аяғында себепсіз сотқа шағымданып отыр, — дейді қоғамдық қордың төрағасыӘліби КӨШЕРБАЙ.
Өз кезегіндеқоғамдық қордың ісіне байланысты заңгер азаматтар да түсініктіме беріп өтті:
— Слетқа бөлінген қаражатты орындаушыға төлеугедәрменсіздік танытқан жауапты тұлғалар онымен қоймай қоғамдық ұйымды сотқаберіп, келісім шартты бұзуды көздеп отыр. Алайда, Қызылорда облысы бойынша Заңконсультанттары палатасының тікелей араласуымен аудандық ауыл шаруашылығыбөлімінің талап арызында көрсетілген келісім шартты бұзу туралы талабы қараусызқалдырылды. Ал кейбір болмашы кемшіліктер үшін қоғамдық ұйымды кінәлап, тиісті шешімдер қабылданып қойған. Бірнешежыл азаматтық қоғамның дамуы жолында еңбек етіп келе жатқан қоғамдық ұйымныңқызметін одан әрі жалғастыру мақсатында Қызылорда облыстық сотына апелляциялықшағым түсірдік. Ендігі ретте, апелляциялық алқаның әділ төрелігін күтеміз.Аталған азаматтық іс бойынша халыққа болған жағдайларды жариялағанымыз жөн, — дейдіҚазақстан Заңгерлер одағының Қызылорда облыстық филиалының төрағасыДәулет ІЗБАСАРҰЛЫ.
Жаңақорған ауданы әкімдігі арыз-шағымныңжауабын ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібітуралы» заңында көрсетілген мерзімнен кешіктіріп берген. Аталған тараптыңжауабына сүйенсек, 2019 жылдың 18 мамырындағы «Арман асуы» қоғамдық қорыменжасалған нөмірі13 келісім шарттың техникалық ерекшелектері келесідей себептермен орындалмағанкөрінеді. Олар: сахналық безендірудің дұрыс болмауы, келісілген 10 дана киізүйдің 8 данасы ғана болуы, сыйға тартылатын 31 ноутбуктың техникалық ережеге сәйкескелмеуі, қонақтарды тасымалдайтын 3 жол талғамайтын көліктің болмауы. Тиісінше қоғамдық қор өкілі келтірілген мәліметтер ешдәлелсіз, ақылға қонбайтын дүниелер екенін айтып, лайықты жауабын ала алмайотырғанын жеткізді:
— Әуелде жасалған келісім шартта мұндай міндеттемелерболмаған. Шараны біз қосымша нұсқаулықсыз-ақ жақсы орындап шықтық. Көңілімізтолды деп кеткен басшылардың аяқ астынан бүлінуін біз түсіне алмадық, — дейді шопандар тойын өткізген жақ.
Заңгер ДәулетІзбасарұлы «жауапты тұлғалардың «Мемлекеттіксатып алу туралы» Заңының талаптарын сақтамауына қатысты шара қолданған жөн. Халыққа қаншажылдан бері қызмет етіп келе жатқан қоғамдық қорға күйе жағып, тиісті қаражаттыаудандық бөлімнің төлемей отырғаны айқын. Іс әрі қарай облыстық сотта қаралады.Тек әділдігін күтеміз» деп отыр.
Фотоны автор ұсынды.