Көшербаевтың көші көзбояушылықпен есте қалды
Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай, арнайы комиссияның көшін бастап, Семейге және Абай ауданына келіп қайтқаны (29 тамыз) мәлім.
Көшербаевпен бірге Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов және жергілікті шенеуніктер алдымен «Бейбітшілік» аралына барғанды жөн көрді. Өйткені 29 тамыз Семей ядролық сынақ полигоны тоқтатылған күн болғандықтан, аралдағы «Өлімнен де күшті» монументіне гүл шоқтарын қоюды маңызды санаған жайы бар. Шын мәнінде аталған монументпен иық тіресе тұрған «Бейбітшілік» стелласы бұл ескерткішке қарағанда көзге толымды, жарық түспен көз тартатыны рас еді. Мәртебелі меймандар бірақ оны көзге ілмеген сыңай танытты.
Айтпақшы, «Жас Алаштың» сайтында осыдан бірер күн бұрын «Ахметов «Бейбітшілік» аралын біле ме екен?» деген мақала жариялап, онда аралдың қараусыз қалып бара жатқан мәселесін көтерген едік. Осы жолы Қырымбек Көшербаевтың жанында аралға ілесе келген Ахметовтің не ойлағанын қайдам, шұңқыры қазылған күйі жайрап жатқан «Бейбітшілік» музейінің аяқсыз қалған құрылысы туралы ләм-мим деп жақ ашпағаны анық. Әрі ол өзінің алдында облыс әкімі болған Бердібек Сапарбаевтан қалған «мұра» болғандықтан, бас ауыртпаған да болар.
Дегенмен семейліктер аралға барған шенеуніктердің шеруін теледидардан тамашалап отырғанда, басты күткені – «Семейдегі ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңына қандай өзгерістер енгенін есту, алда зейнеткерлікке шығу жасының қаншалықты төмендейтініне қатысты жақсы хабар болар ма екен деген соқыр үміт болатын.
Алайда Қырымбек Елеуұлы бұл туралы мүлдем жақ ашқан жоқ. Дегенмен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы тарихи атаулы күнге орай, жариялған үндеуін оқып беріп, аталған заң аясында кешенді емдеу, сауықтыру, оңалту, халықты әлеуметтік қорғау және бұрын сынақ жүргізілген аумақты әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытуға баса назар аударылғанын жалпылама айтып өтті.
Сонымен, аралдан қала ішіне сап түзеген Қырымбек Көшербаевтың «көші» Абай атындағы театрдың жаңа кейіпке енгенін, ақын музейінде атқарылған жұмыстар жайымен танысуға жалғасты. 1982 жылдан бері осы театрға басшы болып саналатын 73 жастағы Яков Горельников бұл жолы облыс әкімімен бірлесіп, Абай тойының қамы үшін бөлінген қаражаттарға орындалған ішкі сәндеу-әрлеу жұмыстарымен таныстырып, риза еткенінен болар, Көшербаев оның жасы нешеде екенін әрі театр басшысы қалайша қазақ бола алмай келе жатқанын сұрауға көз жұма қарауға мәжбүр болды. Бәлкім, кірсе көз жауын алардай әсер беретін көріністерге көзі байланып қалған болар. Оның бір әсерін театрды әрлеу жұмыстарының аяқталуы қыркүйектің соңына қарап қалғанынан көруге болады. Абай тойына байланысты келген комиссия ақын атындағы театрды жөндеу жұмыстары неге созылып кеткенін сұрауға және жөндеуге қанша қаражат кеткеніне де аса қызығушылық танытпағаны айқын көрініп тұрды.
Абай Құнанбайұлының тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музейіне барған мемлекеттік хатшыны қарсы алған музей директоры Тұрдықұл Шаңбай жалпы атқарылған жұмыстар жайын айтып, дәм ұсынып, мәз- мейрам етті. Мұны музейдің фейсбуктегі парақшасынан байқадық.
Қырымбек Көшербаевтың «көші» ары қарай Абай елінде, Шыңғыстау жерінде сапарын жалғастырды. Сырт-Қасқабұлақ пен Ақшоқы, Жидебайдағы нысандарды аралағанын жергілікті БАҚ жарыса жариялап жатты. Дегенмен Көшербаевтың көзі байланғанының тағы бір көрінісін Абайдың кіндік қаны тамған Сырт-Қасқабұлақта Абай домбырасының бейнесі төселген брусчаткаларды таптап өтіп, «Абай жолындай» ғаламат әлемдік әдебиет қазынасын жазған Бөрілідегі Мұхтар Әуезовтің музей-үйіне соқпай өткенінен көруге болады.
Көшербаевпен бірге Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов және жергілікті шенеуніктер алдымен «Бейбітшілік» аралына барғанды жөн көрді. Өйткені 29 тамыз Семей ядролық сынақ полигоны тоқтатылған күн болғандықтан, аралдағы «Өлімнен де күшті» монументіне гүл шоқтарын қоюды маңызды санаған жайы бар. Шын мәнінде аталған монументпен иық тіресе тұрған «Бейбітшілік» стелласы бұл ескерткішке қарағанда көзге толымды, жарық түспен көз тартатыны рас еді. Мәртебелі меймандар бірақ оны көзге ілмеген сыңай танытты.Айтпақшы, «Жас Алаштың» сайтында осыдан бірер күн бұрын «Ахметов «Бейбітшілік» аралын біле ме екен?» деген мақала жариялап, онда аралдың қараусыз қалып бара жатқан мәселесін көтерген едік. Осы жолы Қырымбек Көшербаевтың жанында аралға ілесе келген Ахметовтің не ойлағанын қайдам, шұңқыры қазылған күйі жайрап жатқан «Бейбітшілік» музейінің аяқсыз қалған құрылысы туралы ләм-мим деп жақ ашпағаны анық. Әрі ол өзінің алдында облыс әкімі болған Бердібек Сапарбаевтан қалған «мұра» болғандықтан, бас ауыртпаған да болар.
Дегенмен семейліктер аралға барған шенеуніктердің шеруін теледидардан тамашалап отырғанда, басты күткені – «Семейдегі ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңына қандай өзгерістер енгенін есту, алда зейнеткерлікке шығу жасының қаншалықты төмендейтініне қатысты жақсы хабар болар ма екен деген соқыр үміт болатын.
Алайда Қырымбек Елеуұлы бұл туралы мүлдем жақ ашқан жоқ. Дегенмен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы тарихи атаулы күнге орай, жариялған үндеуін оқып беріп, аталған заң аясында кешенді емдеу, сауықтыру, оңалту, халықты әлеуметтік қорғау және бұрын сынақ жүргізілген аумақты әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытуға баса назар аударылғанын жалпылама айтып өтті.
Сонымен, аралдан қала ішіне сап түзеген Қырымбек Көшербаевтың «көші» Абай атындағы театрдың жаңа кейіпке енгенін, ақын музейінде атқарылған жұмыстар жайымен танысуға жалғасты. 1982 жылдан бері осы театрға басшы болып саналатын 73 жастағы Яков Горельников бұл жолы облыс әкімімен бірлесіп, Абай тойының қамы үшін бөлінген қаражаттарға орындалған ішкі сәндеу-әрлеу жұмыстарымен таныстырып, риза еткенінен болар, Көшербаев оның жасы нешеде екенін әрі театр басшысы қалайша қазақ бола алмай келе жатқанын сұрауға көз жұма қарауға мәжбүр болды. Бәлкім, кірсе көз жауын алардай әсер беретін көріністерге көзі байланып қалған болар. Оның бір әсерін театрды әрлеу жұмыстарының аяқталуы қыркүйектің соңына қарап қалғанынан көруге болады. Абай тойына байланысты келген комиссия ақын атындағы театрды жөндеу жұмыстары неге созылып кеткенін сұрауға және жөндеуге қанша қаражат кеткеніне де аса қызығушылық танытпағаны айқын көрініп тұрды.
Абай Құнанбайұлының тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музейіне барған мемлекеттік хатшыны қарсы алған музей директоры Тұрдықұл Шаңбай жалпы атқарылған жұмыстар жайын айтып, дәм ұсынып, мәз- мейрам етті. Мұны музейдің фейсбуктегі парақшасынан байқадық.
Қырымбек Көшербаевтың «көші» ары қарай Абай елінде, Шыңғыстау жерінде сапарын жалғастырды. Сырт-Қасқабұлақ пен Ақшоқы, Жидебайдағы нысандарды аралағанын жергілікті БАҚ жарыса жариялап жатты. Дегенмен Көшербаевтың көзі байланғанының тағы бір көрінісін Абайдың кіндік қаны тамған Сырт-Қасқабұлақта Абай домбырасының бейнесі төселген брусчаткаларды таптап өтіп, «Абай жолындай» ғаламат әлемдік әдебиет қазынасын жазған Бөрілідегі Мұхтар Әуезовтің музей-үйіне соқпай өткенінен көруге болады. Абай домбырасының қалайша аяқасты болғанын «Абай-175: тойға дайындық жолға домбыра төсеуден басталды» деген мақаламызда баяндаған болатынбыз. (https://zhasalash.kz/article/9262-abay-175-toygha-dayyndyq-dgolgha-dombyra-toseuden-bastaldy-video)
Одан қалса, 1 млрд 937 млн теңгеге салынып жатқан Абай саябағының топырағы қайдан тасылып, қалай суарылатынына да көңіл аударғаны шамалы. Ал Қарауыл жұртының жалғыз дәріханаға күні түсіп, пандемия кезінде дәрі-дәрмекті қайдан алдырарын білмей, одан қалды, «жедел жәрдем» шақыра алмай, жетім баладай аңырағаны келешекте қаузайтын мәселеміз болып жалғаса бермек. Әзірге ақын тойының буына семіріп, елдің шуына құлақ түрмейтін облыс әкімі Даниал Ахметов пен аудан әкімі Жарқынбек Байсабыровтың жергілікті әлеуметтік мәселелерді реттеуді тойдан кейін ойлайтынына үміт ете тұрайық.