Көшербаевтың сенімін ақтамаған Ғабидолла Маминге кеңесші болды
Шымкент қаласының экс-әкімі Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ премьер-министрАсқар МАМИННІҢ кеңесшісі болып тағайындалды.
Бұл туралы «Жас АЛАШ» үкіметтіңбаспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
44 жастағы саясаткер 30-шы шілде күні Шымкент қаласыәкімі қызметінен түсіп қалған еді. Сол үшін астанадан арнайы келген президентәкімшілігінің жетекшісі Қырымбек КӨШЕРБАЕВ Әбдірахымовтың жүріс-тұрысы, айтқансөздері БАҚ пен әлеуметтік желіден түспей жүргенін айтқан-ды. Әкімнің Лондоннанжолдаған сәлемі сол кезде әлеуметік желілерде қызу талқыланған еді.
«Адамдар мемлекеткөмегіне зәру кезде, Арыс қаласын қалпына келтіріп, Түркістанды қайта өрлетугекіріскен кезде, мемлекет уақыттың жаңа талаптарына жауап іздеп жатыр. Бұлбиліктің беделін жоғалтады. Бүгінде Әбдірахымовқа көрсетілген саяси сенімсарқылды», — деген еді Қырымбек ЕЛЕУҰЛЫ.
Шымкент әкімі Арыс халқы басқа жерден баспана сұрап28 маусымда митингіге шыққанда да «хит» болған сөз айтқан еді.
«Тілім бар деп сөйлей бересіңдер. Біз де ойнап жүрген жоқпызмына жақта. Қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Егер мен құдай болсам бәріншешіп тастайтын едім. Біз де адамбыз, біз де пендеміз. Күні-түні жұмысжасаймыз. Әйтеуір ұра берсіздер тілім бар деп. Мен еркектерге ренжіп жатырмын. «Ладно»әйелдер. Еркектерге нежоқ. Өздерің әйелдеріңе ие болыңдар. Содан кейін ел туралы айтыңдар. Өздеріңәйелдеріңе ие болмай маған әңгіме айтасыңдар. Әйелдеріңе ие болыңдар», — депсалған еді әкіммырза.
ҒабидоллаРАХМАТОЛЛАҰЛЫ 1975 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Президентәкімшілігі жетекшісінің орынбасары, премьер-министр канцеляриясының жетекшісі, «НұрОтан» партиясының хатшысы сынды қызметтерді атқарған.
Фото: newtimes.kz