Оқиғалар

Қостанай облысында 14 жастағы жасөспірім достарымен бәстесіп, биік жартастан суға секірген

Қостанай облысындағы Лисаков қаласында жасөспірім суға батып кетті.

Фото: ашық дереккөз

Оқиға Тобыл өзенінің жағасындағы Қаражар маңында тіркелген. Бұл жер жергілікті жастар жиі жиналатын орын болғанымен, шомылуға арналмаған қауіпті аумақ саналады.

Алдын ала мәлімет бойынша, 2011 жылы туған жасөспірім достарымен бәстесіп, биік жартастан суға секірген. Алайда суға түскеннен кейін қайта шыға алмаған. Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаменті ақпаратты растады.

Ведомствоның мәліметінше, іздестіру-құтқару жұмыстары барысында жасөспірімнің денесі Лисаковск маңындағы Тобыл өзенінен табылып, судан шығарылған. ТЖД өкілдері жасөспірімнің шомылуға арналмаған жерде суға түсу кезінде батып кеткенін хабарлады.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген жағажайларда ғана шомылуға шақырып, ата-аналарға балаларды су айдындары маңында қараусыз қалдырмауды ескертті.

Сайт Әкімшілігі