Оқиғалар

Қостанай облысында немересін құтқармақ болған қарияның өзі де суға батып кетті

Қостанай ауданына қарасты Алтын дала ауылы маңындағы Тобыл өзенінде қайғылы оқиға болды. Демалысқа шыққан отбасының 6 жастағы баласы өзен жағасында ойнап жүріп, сүрініп кетіп суға құлаған.

Фото: ашық дереккөз

Баланы өзеннің қатты ағысы іліп әкеткен. Немересінің суға кеткенін көрген атасы оны құтқару үшін бірден өзенге секірген. Алайда қатты ағыс қарияны да алып кетіп, екеуі де көзден ғайып болған.

Қазір жоғалып кеткендерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Оған құтқарушылар, арнайы техника, жүзу құралдары мен дрондар жұмылдырылған.

Мамандар 70 мың шаршы метрден астам аумақты тексеріп шыққан. Іздеу жұмыстарына үш сүңгуір тобы қатысып жатыр. Алайда әзірге атасы мен немересінің денелері табылған жоқ.

Сайт Әкімшілігі