Қоғам

Қостанай облысында жалпы құны 500 млн теңге болатын вейп өнімдері тәркіленді

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қостанай облысындағы «Қайрақ»автомобиль өткізу пунктінде елімізге ірі көлемдегі вейп өнімдерін заңсыз алып өтпек болған әрекеттің жолын кесті.

Фото: gov.kz

Ведомствоның мәліметінше, 29 маусым күні жүк автокөлігінің тіркемесіндегі өзге тауарлардың арасына жасырылған 27 624 дана электрондық тұтыну жүйесі (вейп) анықталған.

Алдын ала есеп бойынша, тәркіленген өнімнің жалпы құны 500 миллион теңгеге жуықтайды.

Аталған дерек бойынша барлық материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданды.

Еске сала кетейік, Қазақстанда шегілмейтін темекі өнімдерін, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), сондай-ақ оларға арналған сұйықтықтар мен хош иістендіргіштерді елге әкелуге және өндіруге заңмен тыйым салынған.

Сайт Әкімшілігі