Әлеумет

Қостанайда арнайы әлеуметтік орталықта ұйықтап жатқан жасөспірім қайтыс болды

Қостанайдағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында түскі ұйқыда жатқан 14 жастағы жасөспірім қайтыс болды.

Фото: ашық дереккөз

Алдын ала мәлімет бойынша, мүгедектігі бар жасөспірімнің жүрегі тоқтап қалған.

Қоғам белсенділерінің айтуынша, мекеме қызметкерлері баланың жағдайы бөлмедегі аптап ыстық пен ауа жетіспеушілігінің салдарынан нашарлауы мүмкін екенін жоққа шығармай отыр.

Қостанай облысы полиция департаменті жасөспірімнің қайтыс болғанын растады.

Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары қажетті процессуалдық іс-шараларды қолға алған.

Тексеру нәтижесі бойынша оқиғаға құқықтық баға беріліп, тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Сайт Әкімшілігі