Қоғам

Костенко шахтасы жабылатыны рас па : әкім жауап берді

Кеншілер мен металлургтер тарапынан «АрселорМиттал» кеткеннен кейін кейбір шахталар жабылады деген қауесет тарады.

Фото: из открытых источников

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен брифингіде жұмысшылардың бұл болжамын жоққа шығарды, деп жазады zhasalash.kz nege.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бүгінгі таңда 4 шахта толық көлемде жұмыс істеп жатыр. Қалғандары әртүрлі себептерге байланысты тоқтап тұр. Костенко шахтасында тергеу аяқталған жоқ. Шахталардың жабылатыны туралы сөз болған емес. Ол туралы нақты айта аламын», - деді облыс әкімі.

Т. РАУШАНҰЛЫ