Сараптама

Ковид мутацияланды, бұл жолы балаларға зиян - эпидемиолог

Ал Лондон патшайымы Мэри университетінің эпидемиология бойынша аға оқытушысы Деепти Гурдасани коронавирустың «британдық» штаммының қаупі туралы айтты.

Jasalash.kz

Оның айтуынша, коронавирус мутацияланды, ол балаларға зиян. Әсіресе 19 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге жұқпалы болып келеді, осы жас тобында симптомдары тууы мүмкін.

Гурдасани балалар мен жасөспірімдер арасында жұқпалы аурудың көбеюіне байланысты коронавирустың бұл штамы ересектерге тез өтіп, SARS-CoV-2 тез таралуына және жаңа өлімге әкелетінін атап өтті.

Маман бұл тұжырымдады ескере келе, қазірден бастап шара қолдануға шақырды.

Коронавирустың қауіпті мутациясы алғаш рет қыркүйекте Ұлыбританияда табылды. Премьер-министр Борис Джонсон жаңа штам 70 пайызға жұқпалы болуы мүмкін деді. Қазіргі уақытта коронавирустың жаңа түрі 18 елде, соның ішінде Қытайда анықталды.

Қазірде 50-ден астам ел Ұлыбританияға рейстерін жапты. Елде коронавируспен ауыру санының өсуіне байланысты жаңа штамның пайда болуы жағдайында критикалық жағдай қалыптасты.

Оқу жылының басынан бастап коронавирус 3,658 мектеп оқушыларынан анықталды, науқастардың көпшілігі кезекші сабақтарға қатыспаған және «қашықтықтан» оқыған. Қазақстандағы оқушылар арасында коронавируспен ауру деңгейі өсуде.

Бұған қатысты денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов былай дейді:

—  Мектеп оқушылары арасында инфекцияның таралуы өсуде. Жалпы алғанда, оқу жылының басынан мектеп оқушылары арасында коронавирусты жұқтырудың 3 658 жағдайы тіркелді, оның ішінде кезекші сыныптарға тіркелген балалар арасында 994, бұл оффлайн режимдегі оқушылардың жалпы санының 0,1% құрайды. Ал 2664 бала қашықтықтан оқыған, — деді.

Сонымен бірге, үшінші тоқсаннан бастап бітіруші сыныптар үшін (9, 11 және 12 сыныптар), колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері үшін аралас оқытуға рұқсат беріліп отыр.

Биыл қыркүйек айында тек 1-5 сынып оқушылары және 180-ге дейін оқушысы бар мектептер ғана оффлайн режимінде оқыды. Екінші тоқсаннан бастап 300-ге дейін оқушысы бар мектептер дәстүрлі оқыту форматына көшірілді. Кезекші сыныптарда 1-5 сыныптар аралығында, ал халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін оқуға рұқсат етіледі.

Еркежан Арын
Тегтер: Без Тега