Қоғам

Жаңа министр тағайындалды

Қазақстан Президентінің Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Фото: из открытых источников

Мәдиев Жаслан 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университеті, Массачусетс технологиялық институтын бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы «Альянс Банк» АҚ халықаралық байланыстар бөлімінің халықаралық қаржы институттарымен жұмыс бөлімінің маманы болып бастады.

2007-2008 жж — «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің бас менеджері.

2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық талдау және зерттеулер орталығында, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да жұмыс істеді.

2009-2010 жж - «KAZYNA CAPITAL MANAGEMENT» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

2010-2014 жж — «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарушы директор-мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары.

2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі құрылымында басшылық қызметтерді атқарған.

2017-2018 жылдары - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ вице-президенті, қаржы жөніндегі вице-президентінің міндетін атқарушы.

2018 жылы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ қаржы жөніндегі басқарма төрағасы болып тағайындалды.

2019-2020 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі.

2020 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Фото: gov.kz

Nurbike Beksultan
Тегтер: жаңа министр