Қоғам

ҚТЖ басшысы Сауранбаев қанша айлық алатынын айтты

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Нұрлан Сауранбаев қанша жалақы алатынын айтты.

Фото: из открытых источников

Ол өзінің жалақысының мөлшеріне тоқталып, ҚТЖ басқарма мүшелері сыйақы алмайтынын, себебі бонустар жыл соңында төленетінін алға тартты.

Жалақым – 1 миллион теңге. Бонустарға келсек, ол балдық жүйемен есептеледі, тиісінше әркімдікі әрқалай, өкінішке қарай, оны айта алмаймын. Әзірге ол сандарды атай алмаймын, бірақ біз оны жариялаймыз, - деді ұлттық компанияның басқарма төрағасы.

Сайт Әкімшілігі