Саясат

Қуандық Бишімбаевтың қанша жылға сотталуы мүмкін екені белгілі болды

Полицейлер Астанадағы мейрамханалардың бірінде Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Jas Alash қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: из открытых источников

«Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелдің өліміне қатысты оқиғаны елордалық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша тергеп жатыр», - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» 99-бабының 1-тармағында:

«Адам өлтіру, яғни адамды қасақана өлтіру кезінде сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзіммен жазаланады», - деп жазылған.

Айта кетейік, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Ол елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрған. Әйелі алған жарақатынан жедел жәрдем бригадасы жеткенше көз жұмған. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды.

Т. РАУШАНҰЛЫ