Қоғам

Қуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов бостандыққа шығады

Сот Бақытжан Байжановқа рақымшылық жасап, оны жазасын өтеу мекемесінен босату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы адвокат Ғазиз Ынтықбаев мәлімдеді.

Фото: БАҚ

Оның айтуынша, Байжановтың жаза мерзімінің аяқталуына үш айдан астам уақыт қалған.

«Бүгін сот отырысы өтті, онда сот Бақытжан Байжановқа қатысты рақымшылық жасау туралы актіні қолданып, оны дереу босату туралы шешім қабылдады. Жазаның өтелмеген бөлігі үш айдан сәл асады. Бақытжан бүгін отбасына оралады», - деді ол.

Еске салайық, Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өлімін жасыру ісі бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Сайт Әкімшілігі