Әлеумет

Құрылтай сайлауының қорытындысы бойынша жүргізілген экзитпол нәтижелері жарияланды

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау қорытындысы бойынша жүргізілген экзитпол нәтижелері жарияланды.

Фото: из открытых источников

Үш зерттеу ұйымының дерегіне сәйкес, бес саяси партия 5 пайыздық межеден өтіп, Құрылтайға өтуі мүмкін.

Еуразиялық интеграция институты жүргізген экзитпол нәтижесі:

- «Әділет» партиясы – 71,8%;

- «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 6,4%;

- Respublica – 5,4%;

- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 5,2%;

- «Ақ жол» демократиялық партиясы – 5,1%;

- Қазақстан халық партиясы (ҚХП) – 3%;

- «Байтақ» жасылдар партиясы – 1%.

«Барлығына қарсымын» нұсқасын сайлаушылардың 2,1 пайызы таңдаған.

Ал «Социс-А» әлеуметтік және саяси зерттеулер институтының экзитполы мынадай нәтиже көрсетті:

- «Әділет» – 70,7%;

- «Ауыл» – 6,4%;

- Respublica – 5,5%;

- «Ақ жол» – 5,4%;

- ЖСДП – 5%;

- ҚХП – 3,2%;

- «Байтақ» – 1,2%.

«Барлығына қарсымын» дегендер – 2,6%.

Қоғамдық саясат институтының сауалнамасында да алғашқы бестік өзгерген жоқ:

- «Әділет» – 72,3%;

- «Ауыл» – 6,2%;

- Respublica – 5,2%;

- «Ақ жол» – 5,1%;

- ЖСДП – 5%;

- ҚХП – 2,8%;

- «Байтақ» – 0,9%.

Бұл сауалнамада «Барлығына қарсымын» нұсқасын 2,5% сайлаушы таңдаған.

Осылайша, үш экзитполдың нәтижесі бойынша «Әділет», «Ауыл», Respublica, «Ақ жол» және ЖСДП Құрылтайға өтуге қажетті 5 пайыздық межеге жеткен. Ал ҚХП мен «Байтақ» партиясы бұл көрсеткіштен төмен нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, экзитпол нәтижелері сайлаудың ресми қорытындысы емес. Құрылтай депутаттарын сайлаудың түпкілікті нәтижесін Орталық сайлау комиссиясы жариялайды.

Сайт Әкімшілігі