Саясат

Құрылтай төрағасының үш орынбасары сайланды

Бірінші шақырылымдағы Құрылтай депутаттары жаңа бірпалаталы парламент төрағасының үш орынбасарын сайлады.

Фото: ашық дереккөз

Бұл қызметке Нұрлан Бекназаров, Дания Еспаева және Динара Зәкиева сайланды.

Нұрлан Бекназаров бұған дейін VIII шақырылымдағы Парламент Сенатында Шымкент қаласының атынан депутат болды. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетін басқарды.

Дания Еспаева – «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы. VIII шақырылымдағы Мәжілісте вице-спикер қызметін атқарды. 2019 жылы Қазақстан тарихында президенттікке кандидат ретінде ұсынылған алғашқы әйел болды.

Динара Зәкиева 2023 жылдың маусымынан бері Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарды. Бұған дейін VII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болған және «Қамқорлық қоры» қоғамдық қорын басқарған.

Бұған дейін Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланған еді. Оның орынбасарлары спикердің тапсырмасы бойынша жекелеген міндеттерді атқарады және төраға болмаған жағдайда оның қызметін алмастырады.

Сайт Әкімшілігі