Қоғам

Құтқарушылар Алматы тауларында 4000 метр биіктіктен екі жас жігітті төмен түсірді

Кеше 4000 метрден жоғары биіктіктегі Сәтбаев шыңында оқиға болғаны туралы хабар түсті.

Фото: ТЖМ

2008 жылы туған екі жасөспірім өрмелеу кезінде өз бетінше төмен түсе алмай қалған. Олармен байланыс үзілмей, орналасқан жері анықталды. Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметі мен «ҮАШ» бақылау-құтқару бекетінің қызметкерлері іздестіру-құтқару жұмыстарына дереу кірісті.

Күрделі таулы рельеф пен түнгі уақытқа қарамастан, операция сәтті аяқталды. Бүгін құтқарушылар жастарды аман-есен экологиялық бекетке дейін түсірді, онда оларды ата-аналары күтіп алды.

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Сайт Әкімшілігі