Күтумен өткен ғұмыр
«О-о-о, дүние-ай! Сағындым Жексенқұлым, Қосшығұлым, қарақтарым, Өзекті жарып шыққан қос шыбыным», – депбасталатын Алтынбек Қоразбаевтың «Қара кемпір» әнінің зарлы әуенін естігендебалалық шағым, ауылдағы шүйкедей кемпір Ибалы апа еске түседі, жарықтық.
Үш ұлымен күйеуін, төрт бірдей боздағын соғысқа аттандырып, қалған 30 жыл өмірі қара жолғақарап телмірумен өткен еді. Сарғайған сартап сағынышын ыңылдап, әнменәлдилейтіні бар еді. Шерлі ана өмірден өткенде ауылда күңіренбеген жан қалмады.Үлкен кісілердің «байғұс-ай, өмірі өксумен өтті-ау» деген аянышты сөздері әліқұлағымда. Ол кездерде «байғұс» деген сөздің мағынасын түсінбесек те,соншалықты аянышты сөз екенін бала көңіліміз сезетін. Сол жағдай менің баласанама ерекше әсер еткені соншалық – әлі күнге дейін бәрі жадымда. Ибалы апаныңүйінің жанынан ары-бері өткен сайын оң аяғымызды көтеріп, «балаңыз келсін, апа»десек, марқұм қалбалақтап, не берерін білмей қуанып қалушы еді. Соғыстыңкесірінен жас өмірін өксітіп, өмір бойы қу тізесін құшақтап, қаншама аналарымызөмірден өтті. Қаншама бала балалық шақтың бақытын сезіне алмай, жастайынан еңбеккеараласып, ерте есейді.
Биыл Ұлы Жеңістің75 жылдығы қарсаңында көптен сұрау салып, таппаған, іздегеніміз алдымызданшығып қуанып жатырмыз. 1942 жылы «хабарсыз кетті» деп хабар келген нағашымӘбдіқалық Ақшалов атамыз туралы мәлімет алдық. 1914 жылы Алматы облысы Ұйғырауданы Сүмбе ауылында туған Әбдіқалық Ақшалов 1939 жылы Алматы облысы Ұйғыраудандық әскери комиссариатынан финсоғысына аттанып кетіпті. Сол кеткеннен қайтып елге оралмаған. Архивтентабылған тозығы жеткен сары қағазда лейтенант Әбдіқалық Ақшалов 1941 жылдан бастапҰлы Отан соғысының қайнаған ортасында, Т-70 117-ші танк батальонының 58-шітанк бригадасында взвод командирі болғаны, 1941 жылы Ленинград майданында, 1942жылы Сталинград майданында соғысқаны айтылған. 1942 жылы Сталинград майданындафашистермен кескілескен соғыста танкісі жанып кетеді. Сол сәтте басқа танкігеауысып мініп, жаудың бірнеше техникасын қиратып, осы соғыста ерлікпен қазатапқаны туралы жазылған. Қайтыс болғаннан кейін «Қызыл жұлдыз» орденіменмарапатталыпты. Оралмай, із-түзсіз кеткен нағашым туралы жақсы хабар есту менүшін үлкен қуаныш болды.
Әрине, «жоқ» деген адамың туралы хабар алуартындағы ұрпағы үшін үлкен бақыт емес пе?! Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында нағашымнан осындай хабар алып,артындағы ұрпақтары да қуанып жатыр. Бәтима анамыз да ұлын «өлді» деуге қимай, жолынақарап, үмітін үзбей өмірден өтіп еді. Әбдіқалық атамыздың артында қалған ұрпақтары жоқ. Бірақ соғыс кезінде «орысәйелге үйленген, баласы болған» дегенді естігендер бар екен. Ендігі мақсатымыз– артында қалған ұрпақтарын іздестіру. Әбдіқалық атамыздай батырдың ұрпағыекенімізді мақтан тұтып, көкірегімізді қуаныш кернейді. Халқымыздың бейбіт өміріүшін жан аямай соғысқан батырларымыздың ерлік істері мәңгі жадымызда сақталады.
Тек осы хабардыИбалы секілді апаларымыздың естімей кеткені өкінішті. Қуаныштан ба, әлде ата-әжелерімізгедеген мақтаныштан ба, кеудем лапылдаған жыр-шумақтарға толып барады:
Өшпес даңқың жадымызда – жаңғырық!
Бейбіткүнді біздер кештік ән қылып.
Тағзым,барлық жауынгерге от кешкен!
Ұрпақтарыңбас иеді мәңгілік!
Нұршаш ІРГЕБАЕВА