Саясат

"Ламборгини мінетін бай депутаттар бар ма?": Айдос Сарым не дейді?

Айдос Сарым депутаттардың арасында аса бай адамдар көп емес деп есептейді. Оның айтуынша, кейбірінің жағдайы жақсы, енді біреулері кәсіпкерліктен келген.

Фото: из открытых источников

 Алайда депутаттардың басым бөлігі орта тапқа жатады. Қазір депутаттар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, орта тапты анықтау өлшемдерін талқылап жатыр.

А. Сарымның пікірінше, бұл мәселені көптеген елдегідей социологиялық көрсеткіштер арқылы бағалау қажет. Өйткені адамдардың белгілі бір тобын орта тапқа жатқызу тұрақты көрсеткіш бола алмайды.

"Бір отбасын орта тапқа жатқыздың делік. Бірақ күйеуі қайтыс болса, отбасының бүкіл әл-ауқаты құлдырап кетуі мүмкін", – деді депутат.

Оның сөзінше, орта таптың басты белгісі – адамның экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығы. Мысалы, отбасы мүшелерінің бірі қайтыс болған жағдайда да адамның сақтандыруы, жинағы немесе қиын сәтте қолдау көрсететін жақындары болуы керек.

"Иә, күйеуі қайтыс болуы мүмкін. Бірақ сенде сақтандыру, жинақ және қиындықты еңсеруге көмектесетін басқа да мүмкіндіктер немесе қолдайтын ұйымшыл туыстарың бар", – деп түсіндірді Айдос Сарым.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Айдос Сарым