Саясат

Лавров пен Рубио Украина мен Иран мәселесін талқылайды

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио жеке кездесу өткізеді.

Фото: ашық дереккөз

Келіссөздердің негізгі тақырыбы Украина мен Ирандағы қақтығыстарға қатысты болады. Бұл туралы Bild басылымы хабарлады.

AFP агенттігінің мәліметінше, екі елдің бас дипломаттары 23 шілдеде Филиппин астанасы Манилада АСЕАН дипломатиялық саммиті аясында кездеседі.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров алдағы кездесуді жеке өзі растады. Оның айтуынша, бұл жөніндегі алдын ала келісім бір күн бұрын жасалған.

«Кеше қабылдау рәсімінде Марко Рубиомен қысқаша кездесіп, ертең таңертең келіссөз өтетінін растадық», – деді Лавров.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио да келіссөз өткізетінін растады. Кездесуде тараптар Украина мен Ирандағы қақтығыстарды реттеу жолдарын жан-жақты талқылайды деп күтілуде.

Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремль Мәскеу мен Вашингтонның жоғары деңгейдегі дипломаттары арасындағы мұндай диалогты құптайтынын мәлімдеген еді.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: АҚШ Иран Иран