Қоғам

Леңгірде түнде әйел алдамға шабуыл жасады деген күдікпен екі ер адам ұсталды

Леңгірде түнгі уақытта екі белгісіз адам жергілікті тұрғынның үйіне заңсыз кіріп, оған дене жарақатын салып, телефонын алып кеткен.

Фото: полиция

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған болатын. Тәжірибелі криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізіп, күдіктілердің жеке басын және олардың орналасқан жерін анықтады.

Күдікті ретінде Төлеби ауданының екі тұрғыны ұсталып, қамауға алынды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Сайт Әкімшілігі